Ол үшін тұрғын үй алуды адам 40-50 жаста емес, 20 жастан бастап ойлану кере.
«Жастар табыс таба бастаған күннен бастап Отбасы банкінен депозит ашып, сол жерге табысының 10-20 пайызын салып үйренуі керек. Мемлекеттік қызметке кіргенде алты айдан кейін кезекке тұрып, ақша жинай берсін. Бізде көп адам жүріп-жүріп уақыт оздырып алады, үй алу керек кезде 18 пайызбен стандарт ипотека ала салады. Оны төлеудің өзі оңай емес, банктер бірге бір қосып береді. Судың да сұрауы бар. Тегін бергендей үй алғанға қуанып, ертең төлей алмай отбасы ажырасып жатқан жағдайлар бар. Сол себепті жоспар құрып, алдын ала ойланған дұрыс». Мамандар осылай дейді.
Қызмет газеті
Leave a Reply