Жүргізуші — арнайы автокөлікке жол бер!

«Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады»,-деп көрсетілген жол ережелерінде. Өкінішке орай, барлық жүргізушілер шақыруға асығып бара жатқан арнайы көлікке жол беруді өздерінің міндеті деп санамайды, немқұрайлы қарайды. Нәтижесінде -өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел жете  алмай және төтенше жағдайды  дер кезінде жоя алмайды.

Осы орайда Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жол-потруль полиция қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде арнайы рейд жүргізді. Рейд бір сағатқа созылды. Өрт сөндіру қызметінің автокөлігі арнайы дыбыстық сигналды қосып, өтуге қиын көшелер бойымен жүріп өтті. Өрт сөндірушілердің артынан жергілікті полиция қызметкерлерінің автокөлігі жүріп отырды. Бір қуанатын жағдай Шымкент қаласының жүргізушілерінің көбі   арнайы көлікке жол берді. Алайда арасында ескерту жасалып, әкімшілік хаттама толтырылған  жүргізушілер де болды.

Жол қозғалысына қатысушылардың көбі жедел қызметтің көлігіне жол бермеген жүргізушілердің ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатынын түсіне бермейді. Бұл бұзушылық жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өрт сөндірушілер және құтқарушылар автокөлік иелеріне жолда мұқият болуды сұрайды. Көмек бәріне қажет болуы мүмкін. Немқұрайлықтың салдарынан адамдардың зардап шегуіне жол бермеу керек.

Д.Райханов

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика