Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Баспасөз мәжілісінде Жанат Арысбекқызы оқу жылының аяқталуы туралы сөз қозғады.
– Осы оқу жылында қаламыздағы 897 білім беру ұйымдарында 399 598 оқушы тәрбиеленуде. Оның ішінде: 246 мектепте 249 544 оқушы білім алуда. Оның 11 653-і он бірінші сыныпта, ал 21 485-і тоғызыншы сыныпта. Биыл 11-сыныпты бітіруші 11 653 түлектің 10 545-і (90,4%) ҰБТ-ді тапсыратын болады. ҰБТ ағымдағы жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ-ге қатысушыларының деректер базасына тіркелуі өз бетінше 2023 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Осы аралыққа дейін тестілеуге екі рет өтініш беруге мүмкіндік берілді. Барлық тестілеу өткізу орталықтары қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сынып сағаты оқу жылының қорытындысын шығару, балаларды жазғы демалыс кезінде өзін-өзі ұйымдастыруға, ынталандыруға және тәрбиелеуге бағытталып отыр. Бірінші маусым – оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты жиынды өткізу форматын білім беру ұйымдары таңдайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары сақталады. Ал қорытынды аттестаттауға жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары жіберіледі. Ал 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында төрт пән бойынша: Ана тілі, Математика, Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша. Сондай-ақ 11 (12) сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында бес пән бойынша: Ана тілі, Математика, Қазақстан тарихы, Қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша, — өтеді деді Ж.Тәжиева.
Брифингте белгілі болғандай, он бірінші сыныпты бітіруші оқушылар саны — 11 653. Оның ішінде: «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 316. «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісінің берілуі: Үлгілі мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан барлық пән бойынша «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі. Білім беру ұйымдарының «Үздік аттестатқа» берілген сұраныстарының нәтижесінде 11 сынып бойынша 641 оқушы. Сонымен қатар 9 сынып бойынша «Үздік аттестатқа» үміткер 1 158 оқушы болып отыр.
Спикердің сөзінше, жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Биыл Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтуда. Оның ішінде 16 715-і қала сыртындағы, 137 555-і мектеп жанындағы лагерлерде демалатын болады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply