Менің сайлауалды бағдарламамның бірінші бағыты– тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Шымкентте жұмыссыздық деңгейі орташа деңгейден жоғары. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан елімізде 109,7 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспары ұсынылды. Сондай-ақ биылдан 35 жасқа толмаған азаматтарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жоспарлануда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған бағдарламалардың Шымкент қаласында жүзеге асуын, бағдарламаларды тұрғындарға кеңінен насихаттауды ұйымдастырамын.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Үшінші мегаполисте абаттандыру, көгалдандыру сынды жұмыстар қарқын алған. Бұл ретте көше бойларында, үй аулаларында, қоғамдық орындардағы босаған қалдықтарды тазалап, қаланы қоқыстан тазарту – басты мәселелердің бірі. Жыл өткен сайын бұл жағдай күрделене түсері мәлім. Жасыл қаланы одан әрі көркейту, тынысын кеңейту ләзім.
Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, бір күнде қаладан 590-650 тонна аралығында қоқыс шығады екен.
Қалдықты өз алдына бөлек сұрыптау, оны қайта өңдеу, сату сынды жұмыстар өзекті.
Бұл салаға да жаңа цифрлық технологияларды ендіру, инвестициялар тарту, мемлекеттік қолдауларды күшейту де басым бағыттардың біріне айналып отыр.
Айта кетсек, АҚШ қоқысты қайта өңдеу кәсібін ХІХ ғасырда жолға қойған. Қазіргі таңда дәл осы саладан қомақты пайда тауып отыр. Жапония, Германияда да қоқысты кәдеге жарату басты саясатқа айналған.
Сол себептен де еліміздегі кәсіпкерлер, инвесторлардың бұл салаға мойын бұратын сәті жеткендей. Қоқыс өңдейтін зауыттарға мемлекеттік субсидия бөлуді, зауыттарға қосалқы бөлшектер алуға жағдай жасаймын.
Кәріз жүйесін жүйеге келтіру –экологияға оң әсер етеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында әзірленген «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы 7 негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру. Жоба аясында 2025 жылға қарай ағын суларды төгу көлемін төмендетуге қол жеткізу, қалдықтарды өңдеу үлесін ағымдағы 18 пайыздан 35 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Кәріз жүйелерінің сапасын арттыру бойынша тиісті жұмыстар орындалуда
Шымкент қаласы тұрғындарын мазалап жүрген мәселенің бірі – ортақ кәріз жүйесіне қосылу деңгейінің төмендігі. Бүгінде бұл тараптағы көрсеткіш 52 пайызды құрайды. Былайша айтқанда, 48 пайыз қала тұрғыны орталық кәріз жүйесін пайдалана алмайды. Үкімет қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту үшін қалалық әкімдікке тұрғындарды орталық кәріз жүйесіне қосу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Мен де өз тарапымнан орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылу тұрғындарды септиктерді тазалау, шайынды суларды сыртқа ағызу, арнайы автокөлікпен шығару, көршілермен келіспеушілік сияқты мәселелерден құтқаратынын ескере отырып, мәселенің оңтайлы шешімі тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілерін орталықтандырылған кәріз желілеріне қосуға өз үлесімді қосамын.
Өндіріс –ел экономикасын алға жетелейді
Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қалыптасқан.
Өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру бағытында қаламыздың өнеркәсіп көлемі жыл аяғына дейін 711,5 млрд теңгеге жетеді, өндірілген өнімнің 87%-ын өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қаладағы 4 өндірістік аймақта 118 жоба жүзеге асып, 21 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылдың өзінде жаңадан 5 жоба жүзеге асырылып, 203 жұмыс орны ашылған.
Біз бәсекеге қабілетті экономика құру үшін күрделі экономикалық категориядан өтетініміз рас. Өндірісте өндірілетін тауардың бәсекеге қабілеттілігі, тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі, мегаполис экономикасының бәсекеге қабілеттілігі айқын көрініс табады.
Сондықтан алдағы уақытта Шымкент қаласының оранласуы, климаты, басқа да мүмкіндәктерін терең саралай отырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаға ксіпорындар, зауыттар салынуына ықпал етемін.
Туризмді дамыту –тұрмысты жақсартады
Туризм саласы – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Елімізде туризм бағыты дамыса, қызмет ету сапасы кеңейіп, қатынас саласының кірісі артады. Сол себепті, туризмді дамытудың тиімді детальдарын ұтымды пайдаланудың жолдарын қарастыру қажет. Иә, өткен жылдардың статистикасымен салыстырғанда, осы күндері отандық туризмнің дамып жатқанын байқауға болады. Көбірек саяхатшыларды тарту үшін кедендік және визалық құжаттарды оңайлатып, электронды виза жүйесін жаппай іске қосу керек. Аталған мәселені шешу арқылы шетелдіктердің Қазақстанға келудегі кедергілерін жойып, сыртқы туризмді дамыта аламыз. Қорытындылай келе, басқа елдерден ерек етіп тұратын туризмді қалыптастырмай, әлемдік туризмге өзіндік үлес қоса алмайтынымызды ұмытпаған жөн.
Қазіргі уақытта туристік компаниялар қалыптасқан ортада жұмыс істейді. Олардың басты міндеті – ең аз шығындармен және үлкен жайлылықпен туристік ағым құру. Сонымен қатар, пайда табу. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар қалаларға рейстерді субсидиялаумен көмектеседі. Мен Шымкентке келушілердің санын арттыру үшін алдымен жол шығынын реттеуді қолға аламын. Бұдан бөлек, қонақүй иелерімен келссөз жүргізіп, туристерді тартуға тиімді баға ұсынуды реттеймін.
Жол мәселесі
Жалпы, Шымкенттің республикалық маңызға ие қала атануына байланысты шаһар ерекше қарқынмен өсе бастады. Соңғы 3 жыл қатарынан Шымкентте тұрғындар саны жылына 60 мың адамға көбейіп келеді. Яғни, 3 жылда халық шамамен 180 мың адамға көбейді. Сөз жоқ, бұл қаланың инфрақұрылымына үлкен салмақ түсіруде. Автокөлік көбейіп, кептеліс орын алып келеді. Бұл мәселе тезірек шешілмесе, уақыт өткен сайын ушыға түсетін сыңайы бар.
Әрине, қаладағы жол-көлік инфрақұрылымының сапасы тек магистралды көшелермен ғана өлшенбейді. Сондықтан қаланың әкімдігі елді мекендердегі ішкі жолдарды да назардан тыс қалмауы керек. Қала аумағындағы жолдарды жөндеуге, шағынаудандар арасындағы жолдарды реттеуге өз үлесімді қосамын.
Инвест –жобаларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының егемендігін алуы ел экономикасын тиімді инвестициялау мәселесін алға қойды.
Кез келген мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық сферадағы ең маңызды мақсаты – ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Экономикалық өсу әлеуметтік және саяси тұрақтылықпен және қоғамның тиімді дамуымен сәйкес келеді.
Кәсіпкерлік бағыты бойынша инвест-жобалардың дамуына ықпал ете отырып, инвестициялық жобалар үшін техникалық кедергілерді алып тастап, құжаттарды цифрландыруға ден қоюға жұмыс істеймін. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейту жолдарын қарастыратын боламын.
Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту– күн тәртібінен түспеуі керек.
Қаланың медициналық ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту үшін қазынадан қаржы бөлдіруге, қалада бірнеше емхана салынуына ықпал етемін. Оған қоса медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында қызметкерлерге республиканың жетекші мамандарының шеберлік сағаттарын өткізуді ұйымдастырамын.
Қаражат Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына №5 сайлау округіне кандидат Назипа Тилеубайқызы Исмаилованың жеке сайлау қорынан төленген.
Leave a Reply