Мобильді QR-кітапхана

Бүгінде кітап оқу үшін барлық жағдай жасалған. Шымкент қаласындағы кітапханалардың барлығы дерлік қайта жаңғыртудан өтіп, бүгінде заманауи кейіпке енген. Оқырман үшін барлық жағдай жасалған. Егер кітапханаға баруға уақытыңыз аздық етсе, электронды кітаптарды оқудың да жағдайы қарастырылды. Тұрғындардың  қоғамдық көлік күтетін уақытын пайдалы ету мақсатында   жуырда ғана  Шымкент қаласының  автобус ең көп қатынайтын жол бойындағы аялдамаларына «Мобильді QR-кітапхана» орнатылды.

Жалпы цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірген болатын. Олай болса, қоғамның барлық саласын цифрландыру бүгінде  маңызды міндеттердің бірінен саналады. Енді руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға да  басымдық беріле бастады. Оның бір мысалы ретінде аялдамаларға орнатылған Мобильді QR-кітапхананы айтуға болады. Енді мобильді смарт кітапхана туралы ақпарат бере кетейік.

Электронды кітаптың оқырманның пайдалануына ыңғайлы түрінің бірі  осы«мобильді смарт кітапхана». Бұл қосымшаны смартфонға оңай жүктеп алуға болады. Кітап оқығыңыз келсе, қалта телефонындағы Play Маркеттен «QR-код» қосымшасын жүктеп аласыз да, қалаған немесе  керекті деген кітабыңызды оқи бересіз. Жоғарыда айтқанымыздай тіпті аялдама көлік күтіп тұрып та осы қызметті тұтынуға болады . Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиядан қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін пайдалануына жағдай туғызатын  мұндай жаңашылдықтар кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың да тиімді әдістерінің бір десек, қателеспейміз.

«Мобильді QR-кітапхана» шарасы барысында  кітапты қалай пайдалану туралы түсініктеме ғана беріліп қойған жоқ, оқырмандармен викториналық ойындар ойнатылып, олардың пікірін ортаға салуына да жағдай жасалды.  Бүгінгі таңдағы кітап оқу мәселелелері бойынша ой-бөлісіп, пікрі аламасылды. Сондай-ақ  әдеби викторинаұйымдастырылып,  жеңімпаздарға  естелік сыйлықтар тапсырылды.

Қызмет ақпарат

1786 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика