Қалалық Антикор мен кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бойынша жұмысты күшейтуде

«Бизнеске жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті, кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Самал», құрылыс базарлары мен «Мұса», «Әл-Фараби» сауда орталықтарында жеке кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шарада қатысушылар бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою үшін құрылған Мобильді топпен танысты.
Сонымен қатар, қатысушыларға бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Сондай-ақ, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы ақпаратты сеніп тапсыруға болатыны Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің нөмірі көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика