БИЫЛҒЫ НАУРЫЗДА ҚАЗАҚЫ АУЫЛДЫҢ САЛТАНАТЫ АСЫП, МЕЙМАНАСЫ ТАСЫДЫ

Тіршілік атаулыға нәр жүгірткен Наурыз мерекесін тойлау жыл өткен сайын жалпыхалықтық сипат алып келеді.  Еңбек пен адамгершілікті насихаттай келетін бұл жаңару айының маңызын тереңдетіп, тәрбие құралына айналдыру бағытында да бірқыдыру жұмыстар жүргізіліп жатыр. Десе де сән-салтанатына мән беру, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, насихаттау бағытында ізденістер көп, жүрігізіліп жатқан жұмыстар да көш ілгері. Биыл Шымкент қаласында мерекеге орай арнайы этноауыл жасақталып, 160-қа тарта киіз үй тігілді. Думан көрігін ұлттық ойындар қыздырса, ұлыстың ұлы күнінде  2 мың литр Наурыз көже әзірленіп, жұртқа тегін таратылды.

Наурыз көже — молшылық пен тоқшылықтыңжоралғысы.  Науырызға жиылған жұрт бұл күні мерекенің басты ас мәзірі Тайқазанға дайындалған ұлттық тағамнан дәм татты.

Этноауылдағы қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлерде еліміздің әр өңірінен келген қонақтар өз аймағының тарихы мен туристік әлеуетін таныстырды.  Өнерін паш етті. Шымкент қаласы биылғы жылды толайым табыспен қарсы алып отыр. Жер бетіне жақсылық пен мейірім ұялаған  науырыздың күнінен жұртшылықтың күтер үміті мол.

Биыл бірінші рет біздің экономикамызда жалпы өңірлік ішкі өнім экономикамызда 3 триллионнан аса бастады. Бұл дегеніміз Шымкент үлкен даму жолында келе жатыр. Осының бәрі тұрғындардың еңбекқорлығы иен пысықтығының арқасы, деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Шымкентте Наурыз меркесін он күн атап өтіп дәстүрге айналған. Жаңа ипподром аумағындағы мереке үш күнге жалғасты. Жұртшылық ұлттық өнерімізбен қатар жаңа атшабарда өткен көкпар,  теңге ілу,  аламан бәйге,  қазақ күресі және садақ ату сайыстарын да бейілі ауа тамашалады.  

Садақ атудан өткен Азия чемпионатына еліміздің түрлі аймақтарынан 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс өте керемет өтуде. Бұл жерде әлсіз команда деген жоқ. Барлығы мерген, тыңғылықты дайындылған. Сонымен қатар, әлемдік додаларда үздік шығып жүргенн спортшыларымыз осы жерге жиналған. Бұл садақшы Бақберген Матиханұлының пікірі.

Наурыз мерекесіне арналған  думанды шаралар «Шырқа, Наурыз» гала концерті  қорытындыланды. Өнер кешінде халықтың сүйіктісіне айналған сахна саңлақтары қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Наурыз Шымкенттен басталады тақырыбымен өткен биылғы Наурыз киіз үйдің салатанатын асырды.

Қызмет (2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика