Зейнет жасына жеткен Қазақстанның кез келген азаматы мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 60 жаста (2021 жылы) шығады деп бектілген. Жыл сайын әйелдердің зейнет жасы алты айға көбейіп отырады. Елімізде зейнетақы мен зейнетақы жарналарының қандай түрлері бар? Қазақстанда зейнетке қалай шығуға болады?
Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейден тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.
Ерікті зейнетақы (үшінші деңгейлі) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер. Салымшылардың өзінің бастамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өзі үшін немесе үшінші тұлғалар салатын ақша. Олардың мөлшерлемесі, төлеу кезеңі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартпен анықталады. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары – бұл ерікті зейнетақы жарналарын өзінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тұтастай алғанда, ерікті зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі зейнетақымен қамтамасыз ету үшін азаматтардың жеке жауапкершілігін ынталандырады. Осылайша, қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру моделі әрбір азаматтың өзінің болашақ зейнетақымен қамсыздандырылуы үшін дербес жауапкершілігіне бағдарланған.
Міндетті зейнетақы (екінші деңгейлі) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен республикалық бюджеттен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақылар. Ынтымақтастық зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтарына және жұмыс өтіліне байланысты есептеледі. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы жинақтарын ескере отырып, БЖЗҚ-нан зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады. Заңнамаға сәйкес жұмыс өтілі 1998 жылға дейін ерлерге – 25 жастан, ал әйелдерге – 20 жастан бастап есептеледі. Зейнетақыны есептеуде толық жұмыс өтілі ескеріледі.
Базалық зейнетақы (бірінші деңгейлі) – республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі. Базалық деңгейде зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға, сондай-ақ, республиканың аумағында тұрақты тұратын адамдарға тағайындалады. Зейнетақының бұл түрін кейде “Президенттік зейнетақы” деп те атайды. Мұнда 9983 теңгені құрайтын мемлекеттік базалық төлем зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға еңбек өтіліміне және бұрын жүргізілген аударымдарына қарамастан ұсынылады.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply