Шымкент қаласының денсаулық саласында қандай оң өзгерістер бар?!

Медициналық қызмет сапасын және халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде жұмыстың тиімділігін бақылау жүйесін енгізу туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді. Президент әр жылғы халыққа арнаған Жолдауларында тұрғындардың  денсаулығын нығайтуға қатысты үкіметке, тиісті министрліктерге ұдайы тапсырма беріп келеді. Өйткені салуататты өмір салтын ұстану – әр азаматтың еркі. Бірақ тұрғындардың ем алуына және демалуына Қазақстан Конституциясы да кепіл болып отыр. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат жеке меншіктегі денсаулық мекемесіне немесе  мемелекеттік денсаулық мекемесіне барып, ем-домын шектеусіз ала алады. Бұған ешқандай кедергі жоқ. Қайта Қазақстан үкіметі халықтың денсаулығын сақтауға барлық жағдайды жасап отыр.  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков  Нұрлыбек қаланың шетіндегі емханаларды аралап, жауапты мамандармен медициналық қызмет көрсету барысындағы проблемаларды талқылады.  №9 емхана және «Турлан Медикал»  емханасында болған басқарма басшысы медициналық ғимараттарды аралап, дәрігерлерлік кабинеттерді, медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуын және халыққа медициналық көмек көрсету барысымен  танысып шықты. Кездесу барысында басқарма басшысы медицина ұйым дәрігерлеріне  қалалық емхананың жұмысына қатысты өтініштер жиі түсетінін айтып, ескертулер берді. Айта кетейік, №9 қалалық емханаға тіркелген халық саны-41500. Мұнда күніне 500-550  науқас келеді.  Емхана құрамына Тұрлан, Жаңаталап, Көкбұлақ,Алтынтөбе, Иглікке қарасты   6 бөлімше  кіреді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы алты  бөлімшені де аралап, жұмыстарымен танысты. Ал «Тұрлан Медикал» емханасына тіркелген халық саны-11224. Жекеменшік орталық  Медициналық сақтандыру қорының есебінен мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа медициналық көмек көрсететін ұйым. Емханаға қарасты  8 жалпы тәжірибелік дәрігерлік аймақ бар. Сапар қорытындысы бойынша Нұрлыбек Абибуллаұлы   емхана басшылығына бірқатар тапсырмалар беріп,  кадрлық жұмыс, денсаулық сақтау мекемесіне келушілер үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ескертулер беріп, сапалы көмек көрсетуді тапсырды.

Қызмет ақпарат

1914 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика