Қалада 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысын жүргізіп, 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі М.Әйтенов мәлімдеді. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды. Жалпы, соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Осы бағытта атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері қалада жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға, нәресте өлімі 20,6% — ға төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген. бүгінгі күнде халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты, сонымен қатар медициналық технологиялардың жетілуіне қатысты халықтың сұранысы да артты. Өйткені заманауи техникалар мен озық әрі сапалы медициналық аппараттар көбейген сайын халықтың да сенімі нығайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та әр жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында медицина саласын назардан тыс қалдырмай, ұдайы айтып келеді. Үкіметке және тиісті министрліктерге осыған қатысты нақты тапсырмалар жүктелген. Медицина мекемелері де аурудың алдын алу үшін тұрғындармен тікелей тілдесіп, скрингтік тексерулер өткізіп, пациентермен тұрақты әрі кері байланыс орнатып келеді. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.
Қызмет ақпарат
1703 символ
Leave a Reply