Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Сонымен қатар ол Конституциялық реформаның мақсатына тоқталды.
«Конституциялық реформаның мақсаты – елдің әрі қарайғы саяси жаңаруына мықты іргетас орнату. Өткен аптада түзету жобасы Конституциялық кеңеске жіберіліп, жұмыс тобы қабылдады. Оны қабылдау Жаңа Қазақстанның мемлекеттік институттарын қалыптастыру мен жұмыс істеуінің сапалы да жаңа қалыптасу үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Азаматтарымыз Жаңа Қазақстан не? деген сұрақты жиі қояды. Бұл сұраққа қысқа да кең жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан дегеніміз – әділ Қазақстан», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ ол ел тұрғындарына әділдік жетіспейтінін басып айтты.
«Азаматтарымызға әлеуметтік әділдік жетпейтінімен келісетін шығарсыздар. Қарапайым азаматтардың қызығушылықтарын елемеу әрдайым орын алады. Айқын әділетсіздіктің көзі – өкінішке қарай мемлекеттік аппараттың өкілдері. Осыдан келіп азаматтардың билік институтына тұрақты сенбеуі басталады. Сондықтан Amanat партиясының алдында күрделі міндет – осы барынша жағымсыз жағдайды түзету міндеті тұр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Leave a Reply