Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алған. Оның барысы қала әкімінің жіті бақылауында Шаһар басшысы бастаған топ өкілдері әкімшілік іскерлік орталықтағы тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы барысын тексерді.
Бұған дейін № 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.
Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын тексеріп, оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты № 13,14,15,16 тұрғын үйлер құрылысын аралап шықты. Сондай-ақ, аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 гектар жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде бітуін талап етті.
«Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,-деді М. Әйтенов.Сондықтан да салынып жатқан тұрғын үйлердің әр кірпіші сапалы материалдан қаланып, көптің көңілінен шығу керек деп отыр.
Leave a Reply