«БІРЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ МАҢЫЗДЫ САЯСИ ОҚИҒА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге бастауыш партия ұйымының төрағасы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндіру.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынып, 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдум — қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеуінде —
«Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту. Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын! Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайсыздар деп сенемін!» деген болатын.

«Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшелері Мемлекет Басшысының шешімін қолдап, референдумға қатысатындарын жеткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика