Астаналық шебер Насыр Жабрайылов ковбой еті-гін, бас киімі мен белдігін таңдай қақтырарлықтай әсем дайындайды. Оны сатып алатындар қатары күн өткен сайын артып барады, деп жазды «Экспресс К».
Насыр Жабрайылов Қазақстанға Моңғолиядан көшіп келген. Осы кезге дейін ол елордалық дүңгіршектердің біріне қазақтық ұлттық бұйымдарын, оның ішінде белдік, етік және ат сайманын әзірлеумен шұғылданған. Сатушылар ұлттық ою-өрнекпен безендіріліп теріден жасалған етіктің тез өтетінін аңғарған. Сатып алушылардың қатарында елімізде жұмыс істеп жүрген американдықтар да болған екен. Бұл етіктерді олар ковбойдың аяқ киіміне ұқсатыпты. АҚШ-та мұндай hand-made бұйымдары өте сирек кездесетін көрінеді, әрі бағасы да тым жоғары. Осыдан хабардар болған шебер тәуекелге бел буды. Иленген теріден жасалған ковбой киімдерін ол 1,5 мың долларға бағалап отыр.
«Бір ковбой киімін бір аптаның ішінде дайындай аламын. Бас және аяқ киімге деген тапсырыс 1 айға жасалып та қойылды. Тек американдықтар ғана емес, қазақстандықтардың да арасында ковбойша киінуге құмартушылар аз болмай отыр, — дейді Н.Жабрайылов.
Leave a Reply