ҚАНША АДАМ ҚАМАЛЫП, ҚАНШАСЫ БОСАТЫЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бас прокуратура қанша адам қамалып, қаншасы босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz телеграм арнасы жазды.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6 966 әкімшілік хаттама толтырылып, 4 918 адам әртүрлі әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 1 978 адам қамауға алынса, 791 адамға айыппұл салынған және 2 149-ы ескертілген.

Соттардың қарауында 2 048 материал бар. Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде:44 – терроризм актісі бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздік бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде.

Көрнекі фотосурет ашық интернет көздерінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика