tories/dsc_2934.jpg» width=»350″ height=»233″ alt=»dsc_2934″ style=»float: right;» />
Балтыры сыздап, белі ауыра қалса шалғайға барып ем іздейтін Түркістан қаласына қарасты Құм-тиын және Шыпан елді мекендерінің тұрғындары енді алысқа бармайды. Осы мәселені назарға алған басшылық жыл басында облыс бюджеті есебінен қаржы қарап, нәтижесінде қасиетті жұма күні ауыл тұрғындарының алғысын алды.
Тақырыпқа қарап «тағы-сы қалай?» деген боларсыздар. Бұған дейін Түркістанда бір фельдшерлік-акушерлік бекеті пайдалануға берілген болатын. Ал, жыл соңына дейін ауысымына 500 адам қабылдайтын соңғы үлгідегі қалалық емхана ашылады деп күтілуде. Осылайша киелі шаһарда халық денсаулығын жақсарту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бұл жөнінде қала әкімі Б.Әшірбеков салауатты ұлт – ел болашағы деген қағидаға сай өңірдегі денсаулық сақтау саласы 2 млрд. 728 млн. теңгеге қаржыландырылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, осы саланы қаржыландыру көлемі 13,8 пайызға артқанын жеткізді. Осы секілді Ескі Иқан және қалалық орталық ауруханаларының ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілсе, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да ерекше назар аударылған.
Leave a Reply