Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты 125%-ға өскен

tories/1323791592_avariya.jpg» width=»270″ height=»203″ alt=»1323791592_avariya» style=»float: left;» />

        Baq.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты 125%-ға өскен. Министрлер  кабинеті  мүшелерінің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министр  Серік Ахметов  осындай мәлімет келтірді
        С.Ахметов елдегі жол-көлік оқиғалары санының артуына алаңдаушылық танытып отыр.
  «9 айда Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен  салыстырғанда 125 пайызға өскен. 2012 жылдың тоғыз айында 1200 жол апаты тіркелсе,  2013 жылы олардың саны 2700-ге жеткен», — деді С.Ахметов.
        «Бұл тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана қатысты емес, халқы тығыз орналасқан      өңірлерде жол апаты өсімі байқалып отыр. Бұған автокөлік санының артуы, жол сапасының  төмендігі, жүргізушілердің кінәсі себеп болады», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
     С.Ахметов бұл өзекті мәселені Үкімет жүйелі қарастырып, оларды шешудің жаңа жолдарын енгізу қажеттігіне тоқталды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика