«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВ ДІНИ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және короновирустық инфекция штаммдары түрлерінің айналымына байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, республиканың барлық аумағында бұқаралық және діни іс-шараларды, оның ішінде «шоқыну шомылуын» өткізуге тыйым салынады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қала аумағында карантиндік шектеулерді күшейту туралы қаулысына сәйкес 2022 жылғы 18-19 қаңтарда су айдындарындағы ойықтарда шомылуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Тұрғындар арнайы дайындалған суды қала аумағында орналасқан алты шіркеуден алып, үйде рәсім жасай алады. Православтарға «крещение шомылуына» тыйым салуды түсіністікпен қарауды сұрайды.

Карантиндік тыйымды бұзғаны және шоқынуға шомылу үшін азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы (Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін естеріңізге саламыз. Бұл үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза көзделген (2022 жылғы АЕК көлемі 3063 теңге болып бекітілген).

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика