tories/5663634630_c849bc0912_b.jpg» width=»300″ height=»168″ alt=»5663634630_c849bc0912_b» style=»float: right;» />
КазТаг. Оперативтік-профилактикалық «Бекет» шарасы адал емес компаниялардың барлық «күңгірт» сұлбалары анықталмайынша жүргізіле береді, деп мәлім етті ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары Аманияз Ержанов.
«Бекет» — қысқа мерзімдік акция емес, ол барлық адал емес компаниялар мен барлық сұр сұлбалары анықталмайынша жалғаса береді. Барлық жүктер тексеріледі, контрабандистер анықта-лып, олар өз жазасын алады», — деді ол сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жедел топтар жасаған қайта тексеру актілерінің нәтижелері бойынша, адал емес компаниялар бюджетке тиесілі кедендік төлемдердің тек 8-10%-ын ғана төлейді екен.
«Айырмашылығы 11 еседей, яғни, 17-20 млн-ның орнына бюджетке 2 млн төлем түседі», — деді А. Ержанов.
Одан басқа, ОПШ барысында импортталатын тауарлардың бағасын растайтын құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды. Бұл ретте, аты аталмаған бір компания бойынша осы әдіс Т296 млн кедендік төлемдерден жалтаруға мүмкіндік бергені айтылды.
А. Ержановтың айтуынша, көліктердегі нақты тауарлар мен олардың саны және кедендік тазартулардағы айырмашылық деректері бойынша 4 қарашада 3 қылмыстық іс қозғалыпты.
Leave a Reply