tories/fed0282cad0fa85154afcbae2b1c32ae.jpg» width=»250″ height=»141″ alt=»fed0282cad0fa85154afcbae2b1c32ae» style=»float: right;» />
Түркістан қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері барша жастарды Елбасының мемлекет атын өзгерту жөніндегі ұсынысын қолдауға шақырды.
Президент болашақта мемлекеттің ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Осы бастаманы құп көрген 100-ге тарта түркістандық өрендер, қаладағы тарихи этнографиялық орталығының «Президент» залында бас қосып, мемлекет басшысының ұсынысын өзара талқыға салды. Талқылап қана қойған жоқ, барлығы бірауыздан үндеу қабылдады. «Біз Қазақ елінің жастарымыз», деп бастау алатын үндеуде, Қазақ елі- бұл ресми атауымыз болуы шарт дейді. Осылайша рухани астананың жастары бар жақсылық төртқақпалы Түркістаннан бастау алуы керек деген оймен, күллі қазақ жастарын Елбасы атаған ұсынысты қолдауға шақырған.
Осы орайда, төменде жас түркістандықтардың пікірлерін ұсынып отырмыз.
Моңғол Республикасының Бай-өлке өңірінен келген қандас бауырымыз, бүгінде Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Журналистика бөлімінің 3 курс студенті, Шұғайып Сезімханұлы:
«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жақында мемлекетіміздің атауын «Қазақ елі» деп атауды ұсынды. Тәуелсіз қазақ елін құру – бұл күллі қазақ халқының бөркін аспанға атқан қуанышы, бабалардан жалғасқан арман. Қазақстан есімі жалпы парсы сөзінен аударған кезде қазақ өлкесі немесе қазақ өңірі деген мағына береді,біз өлке де өңір де емеспіз, азаттықтың ақ бесіне тербелген, азуын айға білеген арыстандай Тәуелсіз қазақ еліміз. Сондықтан Елбасының бұл идеясын қос қолдап қолдаймыз. Сонымен бірге, игі бастаманы қолдау қасиетті өңірдің жастарынан бастау алып, Қазақ елі өрендерінің қолдауымен ұласса деймін».
Түркістан қаласының тұрғыны, студент Ұлпан Әбенова: «Біз Түркістан жастары Елбасының қазақ елі идеясын қолдаймыз және күллі қазақ жастарын осы атауды қолдауға шақырамыз».
Түркістан қаласының жас тұрғыны Маржан Жолдасбай: «Мәңгілік елге апаратын бірден бір жол осы қазақ елі деп білемін. Егер біздің ресми атауымыз Қазақ елі болса, өте қуанышты болар едік”.
Ә.ТӘШІМ,М. ЖҰМАХАНҰЛЫ. Түркістан қаласы.
Leave a Reply