tories/cu4.jpg» width=»200″ height=»162″ alt=»cu4″ style=»float: right;» />
— Өңірлерде театр әртістерінің жалақысын 1,7 немесе 2 көтерме коэффициенттерін пайдалану арқылы жергілікті бюджет есебінен өсіру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.
Отандық театрлардағы күрделі проблемалардың бірі жалақы мәселесі болып отырғандығын баса айтқан министр: «Бұл проблема республикалық деңгейде біртіндеп шешіліп келеді. Облыстық театрдың әртістері негізінен 30-40 мың теңге ғана жалақы алады. Ал кейбір театрлардағы слесарь, сантехник, электрик сияқты жұмысшылар әртістерден әлдеқайда көп жалақы алып отыр», — деді ол.
Сондықтан министр өңір әкімдерінен облыстық театр әрістерінің, театр ғана емес, жалпы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын мұқият қарап шығып, оларды 1,7 немесе 2 көтерме коэффициенттерін пайдалану арқылы жалақыны жергілікті бюджет есебінен өсіруді сұрайтындығын баса айтты.
«Үлкенді-кішілі мерекелерде, саяси шараларда ел алдына шығып сөйлейтін осы зиялы қауым өкілдері емес пе? Ендеше, мәдениет майталмандарының жалақысы олардың халық алдындағы беделіне сай болғаны жөн деп білемін», — деді М.Құл-Мұхаммед.
Leave a Reply