Қараша айының 18 жұлдызы мен 20 жұлдызы аралығында «Алаш», «Бекжан», «Шымкент-Тұлпар», «АвтоНұр», «Самал» және «Сәт» сауда орындарында Дін істер басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Ірі сауда орындарында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Кездесуге «Жалын» қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Қ. Керімбеков, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің бөлім басшысы Б. Омарбаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің маманы У. Аралбаев, дінтанушы Д. Оспанов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің психолог маманы А. Алдиев қатысты.
Іс-шарада Шымкент тұрғындарын, әсіресе жастарды түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағымдардың зиянды ықпалынан сақтандыру, діни ақпаратты алу көздерін білу, әлеуметтік желідегі ақпаратты қалай саралау сияқты көкейкесті мәселелер айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Арнайы келген психолог теріс пиғылды ағымдардың зардабын айтып өтіп, олардан сақтану жолдарымен таныстырды.
Leave a Reply