ДЕПУТАТТАР ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСЫП ЖҮР

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Серікұлы Оспанов «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Mega SMART B2B» заводында болып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен танысты. Мегополистің тауар өндірісін өсіру, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында басты бағыт ретінде қаралған. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы өндірісті де арттыруға, жұмыс орнын да ашуға болады.

«Mega SMART B2B» заводы түрлі қажеттіліктегі жиһаздар шығарады. Қазақстанның бірнеше өңірінен тапсырыс түсіп, мектептер үшін стол,стөл, шкаф шығарып жатыр. Қонақ үйлер үшін шетелдік жиһаздан бағасы арзан, бірақ сапасы бір мысқал да кем түспейтін керекті жиһаз алып келеді. 2004 жылы салынған кәсіпорын қазіргі заманға сай Германия, Италия және Финляндия мемлекеттерінде жасалған құрал-жабдықтарымен қамтылған.

Қазіргі кезге дейін завод 63 мың жана жиһаз жасап шығарған. Өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік көп. Мемлекет басшысының отандық мазмұнды арттыру, өзіміз шығаратын тауарларды сатып алу туралы тапсырмасы өндірісті одан әрі өркендетуге сеп болмақ.

Мәжіліс депутаты айтылған ұсыныстарды тиісті орындарға жолдайтынын айтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика