Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Самал-3 шағын ауданының Ардагерлерімен және қоғам белсенділерімен кездесті.
Кездесуде сөз алған Берік Серікұлы қазақ халқының ел билеу дәстүріндегі қалың бұқара мен биліктің арақатынасына көпір қызметін атқарған өз институты, игі жақсылары бар ақсақалдар кеңесі болатын деп атап көрсетті.
Бейнелеп айтқанда, халық – киіз үйдің керегесі, билік – шаңырағы болса, ақсақалдар кеңесі сол араны жалғаған уық болатын. Осы өзіндік болмысы мен табиғи сипатын безбендеп, ұрпақтарына «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең, төскейінде қыр болса ерттеулі тұрған атпен тең» деген мәтелді санасына сіңіріп өскендігін атап өтті.
Халық қалаулысымен кездесуге келген Абай ауданының қариялары мен Самал-3 шағын ауданының ардагерлер кеңесі мүшелерінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда ардагерлер жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше үлес қосып келетіндігін айтты.
Leave a Reply