«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІ СЪЕЗІНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесінің отырысы өтті. Саяси кеңес мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Д.Әйтенов төрағалық етіп, жүргізді.

 Күн тәртібінде бір мәселе қаралып, партияның кезектен тыс ХХІ Съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттар анықталды.  

Коронавируске байланысты шектеу шаралары ескеріліп, бейнеконференция байланысы режимінде өткен отырысқа Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты. Олар күн тәртібіне сәйкес, ашық дауыспен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ Съезіне 14 делегатты сайлады. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

– Біз партияның Съезіне қатысатын делегаттар тізімін бекіттік. Сіздермен бірлесе отырып, алдымызға қойып отырған асқаралы міндеттерін іске асыратынымызға кәміл сенемін, – деді М.Әйтенов.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Қазақстанның барлық өңірлерінде кезектен тыс Саяси кеңес мәжілісі өтіп, делегаттар сайланатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика