ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ «БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес, №24 «Алма» бөбекжай-бақшасының базасында «Балаларға базарлық» тақырыбында 2022 жылғы 25 қараша күні №39 бұйрығының негізінде, мектепке дейінгі ұйымның педагогтеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 52 мектепке дейінгі ұйымның 55 педагогтері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дөңгелек үстел барысында:

* халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру;

* балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету;

* балалалардың кітапқа деген қызығушылықтарын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін  арттыруды қамтамасыз ету айтылды.

Дөңгелек үстелде «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ- ның директордың м.у.а.

С. Утемисова ашып, ұстаз, қаламгер, балалар жазушысы Дәркен Танабаев пен Фатима Жунусова қаламгерлеріміздің шағармаларын оқуға, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру бағыттарын түсіндірді.

Бөлім әдіскері А.Е.Турсунова балалалардың кітапқа деген қызығушылықтарын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты. Қазақстан Республикасы жазушылар одағының Шымкент қаласы филиалының директоры Дәркен Танабаев өз шығармаларының туындау тарихымен таныстырып, қазіргі балалар тәрбиесіндегі өзекті мәселенің бірі кітапқа деген қызығушылықты арттыру жолдары туралы сөз қозғады. Журналист, ақын, жазушы, республикалық «Қарашаңырақ» ҚБ қызметінің Шымкент қалалық филиал басшысы Фатима Забурақызы Жүнісова, балалар шығармасын жазу барысындағы өзіндік ерекшеліктерін айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтар кезеңінде өз көзқарастары мен пікірлерін айтып, белсенділік танытты. Дөңгелек үстел барысында модераторлардың да, көпшіліктің де сұрақ қоюға және жауап алуға мүмкіндіқтері болды. Кездесудің тиімділігі айтылып, кері байланыс орнатылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика