top»> БЦЖ екпесі тарихынан Тарихқа жүгінер болсақ, 1921 жылы француз микробиологы Альбер Кальметт пен ветеринар Камиль Герен туберкулезге қарсы БЦЖ (Кальметт—Герен Бацилласы) вакцинасын ойлап тапты. Қазіргі таңда бұл вакцина жаңа туылған нәрестелерге алғашқы 3-4 күнінде егіледі. Негізінен, қауіпсіз және туберкулез ауруына қарсы жалғыз құрал ретінде танылғанымен, мұндай тұжырымды жоққа шығарушылар да жоқ емес. С.Р.Розентальдың «Туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинациясы» атты еңбегінде екпенің алғаш рет енгізіле бастаған кезеңнен-ақ дау тудырғаны мәлімделеді: «Любек қаласында 240 нәрестеге егілген вакцина улы болып шықты: барлығы туберкулез ауруына шалдықты, 77 нәресте қайтыс болды». Екпе салдарынан ауруға шалдығу оқиғалары қазір де тіркелуде. Естеріңізге сала кетсек, 2004 жылы Сербияда жасалған вакцинаның салдарынан елімізде 100-ден астам нә-ресте лимфаденит ауруына шалдығып, күрделі емдеу шараларын, оның ішінде хирургиялық операцияларды да бас-тан өткерді. Мұндай фактілер биылғы жылдың сәуір айында да тіркелді. Ақтау қаласының төрт кішкентай тұрғыны БЦЖ салдарынан сүйек туберкулезі ауруына шалдықты. Вакцинаның аурудан қорғаудың орнына сол ауруды тудыруына не себеп? Мұны, біріншіден, дәрігерлер салғырттығынан іздеу керек. Серб вакцинасы денсаулығы әлсіз болған нәрестелерге енгізілген, яғни алдын ала диагностика дұрыс жүргізілмеген. Бұл ретте вирусолог дәрігер Г.Червонскаяның өзінің бір мақаласында айтқан тұжырымы ерекше назар аудартады: «Кез келген тірі вакцинаны енгізуге халықаралық деңгейде мойындалған жарамсыздық – иммунодефициттік қалып – бар. Сондықтан екпені енгізбес бұрын нақты адамды егуге бола ма, қажет пе, осыны анықтап алу өте маңызды». Екіншіден, вакциналар құрамының өзі адам ағзасына, әсіресе нәрестелер ағзасына қауіп төндіреді. Сондықтан, көптеген дамыған мемлекеттерде (АҚШ Голландия, Ұлыбритания, Германия, т.б.) БЦЖ-ны нәрестелерге жаппай егу шаралары енгізілмеген.
Екпенің құрамы қандай элeменттерден тұрады?
Т.Ф.Оттен және А.В. Васильев есімді авторлар өздерінің «Микобактериоз» атты еңбегінде аталмыш екпеге мынадай анықтама береді: «БЦЖ — адам ағзасына деген патогенді әсері жасанды ортада төмендетілген сиыр туберкулезі бацилласы атты тірі вирустан жасалатын вакцина. Ағзаға енгізілген бұл вирус иммунитет тудырып, келешекте адамның туберкулезге шалдықпауына септігін тигізуге бағытталған». Ресей Ғылым Ака-демиясының академигі, иммунология институтының директоры Рахим Хаитов бұл ретте мынадай мәлімдеме жасады: «Осыдан 20-30 жыл бұрын қолданылған вакциналардың көбі зиянды болды. Бұл «компот» — алюминиймен қосылған мик-робтар мен басқа да көптеген құрамдас бөліктер – болды. Бүгін бұл технология-лар қолданылмайды. Біз жаңа заман – генді-инженерлік вакциналарға иеміз. Олар өте таза және дәрілерге ұқсас». Ал Алматыдағы №7 қалалық балалар емханасының дәрігері, иммунолог Нагорная Светлана Ивановна екпенің кері әсерлері тым асыра көрсетіліп отырғанын мәлімдейді: «Балаға енгізілетін БЦЖ мөлшері 0,05 мл ғана. Бұл ретте кінәні екпеден емес, оны егетін дәрігерлерден іздеу керек. Екпенің мөлшері дұрыс болса, терінің астына емес, ішіне, яғни дұрыс әдіспен енгізілсе, сонымен қатар тек денсаулығы қалыпты балаларға ғана енгізілсе еш қиындық туындамайды.» Елімізде сербиялық және ресейлік вакциналар қолданыстан алынды, енді ата-аналарға дәрігерлеріміздің ұқыптылығы мен қолданыстағы жапондық екпелердің сапалы әрі қауіпсіз болуына сенім арту ғана қалып отыр.
БЦЖ-ның адам ағзасына тигізер пайдасы
Жаппай вакцинацияға қарсылық білдірушілердің тағы бір дәлелі – БЦЖ-ның тиімсіздігі. Дәрігер әрі гомеопат Александр Коток мұны бірнеше зерттеулердің қорытындысы анықта-ғанын мәлімдеуде: Лондон Университеті гигиена және тропикалық медицина факультетінің тікелей салыс-тырмалы зерттеулері (1995) БЦЖ-ның 20%-дық; бірлескен колумбиялық және америкалық ұжымның зерттеулері (2000) – 22-26%-дық; ал ең ірі зерттеу жұмысы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, АҚШ қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен Үндістан медициналық зерттеулер бойынша Кеңесімен бірлесе жүргізіліп (1968-70), вакцинаның мүлдем тиімсіз екенін анықтады. Яғни туберкулез ауруы ушығып тұрған Үндістанда БЦЖ екпесі аталмыш аурумен күресте көмектесе алмаған. Бұл зерттеу анықтаған тағы бір қызықты жайт – БЦЖ енгізілген балалардың арасында туберкулезбен ауру деңгейі жоғары болып шықты. Г.Червонская: «Қазіргі таңда жаппай егу шараларына қарамастан Ресей туберкулезбен ауыратын балалардың көрсеткіші бойынша әлем бойынша алдыңғы қатарда. Бұл ретте тәжірибелі дәрігерлердің туберкулезге қарсы вакцина – БЦЖ кеңінен қолданылса, ауру деңгейі өсе түсетіні жөнінде ескертулері шыңдыққа айналуда»,— деп, екпенің тиімсіздігін алға тартады. Жоғарыда айтылған пікірлерді қазақ-стандық дәрігерлер де құптайды. Медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Р.С.Аманжолова БЦЖ, АКДС, т.б. вакциналарды қояндарға енгізу арқылы тәжірибе жасады. Нәтижесінде бесінші ұрпақта бірде-бір қоянның репродуктивтік жасқа жетпегені, қалған жағдайда тұқымның 75% қайтыс болғаны, тірі қалғандарының мінез-құлқының өзгергені (қояндар бірін-бірі жаралай бастады, т.б.) анықталды. Паталогиялардың орын алуын Раиса Садыққызы вакциналардың табиғи қорғанысты аттап, бірден тері ішіне енгізілуімен байланыстырады. Яғни сыртқы қауіптен тері, асқорыту жүйесі, тыныс алу мүшелері арқылы қорғанатын адам ағзасы күтпеген жерден бірден вирустық шабуылға душар болады. Үнемі жалғасатын мұндай күрес иммундық жүйені едәуір әлсіретеді екен. Бұл ретте барлығымыз да осы екпелермен өстік емес пе деген ой туындауы мүмкін. Вирустардың ғұмыры ұзақ болған соң вакциналардың кері әсері бірден емес, бірнеше жылдан соң көріне бастауы ықтимал (туберкулезге шалдыққан ақтаулық балалардың жасы 3-4-те). Мұны медицина ғылымдарының докторы Дж.Комптон Бернеттың зерттеулері растаған. Өз тәжірибесінде кездескен оқиғаларды мысал ретінде келтіре отырып, ол 19 жастағы бойжеткен қызда да, 50 жастағы әйелде де кездесетін бас, өкпе, тырнақ, т.б. аурулардың екпелермен байланыстылығын анықтаған. Дегенмен, дәрігерлердің бір тобы бұл тұжырыммен келіспейтін көрінеді. Светлана Нагорнаяның пікірінше, вакциналар иммунитетке кері әсерін тигізеді, бірақ орасан пайдасымен салыстыруға келмейтін мардымсыз дәрежеде ғана. Бұдан шығатын қорытынды — экологияның нашарлауы, азық-түліктің сапасы мен табиғи құндылығының төмендеуі сияқты факторлармен қатар ағзамызда сақталып қалатын зиянды вирустар да жалпы әлсіздігімізге өзіндік үлесін қосады.
Басқа да екпелeр жөнінде
Мұндай келеңсіз жайттар БЦЖ вакцинасына ғана қатысты емес. Нейрохирург әрі биология профессоры Р.Блейлоктың пайымдауынша, полиомиелитке қарсы ОПВ вакцинасы жүйке жүйесі мен асқорыту жүйесіне кері әсерін тигізумен қатар, полиомиелит ауруының өзінің де туындауына әкеліп соқтырады. 1977 ж. Джонас Солк (Солк полиовакцинасының авторы) басқа да ғалымдармен бірге 1970 жылдан бергі АҚШ-тағы полиомиелит ауруының 87% жағдайы екпелер салдарынан туындағанын мәлімдеді. Осыған байланысты АҚШ пен Еуропа елдерінде ОПВ-ға тыйым салынған. Р.Блейлок мырзаның мәлімдеуінше, жыныстық қатынастар арқылы ғана таралатын гепатит В ауруына қарсы вакцина балаларға мүлдем арналмаған. Осыған орай, оны қатарынан үш рет (алғашқы төрт ай мерзімінде) кішкентай нәрестеге енгізудің неліктен қажет екені сұрақ тудырады. 1992 ж. «Америкалық эпидемиология журналында» жарияланған зерттеу қорытындылары бойынша балалар өлімі көкжөтел, дифтерия, столбняк ауруларына қарсы АКДС вакцинасы егілген балалар арасында (егілмеген балалармен салыстырғанда) егілуден кейін 3 күн аралығында өлім деңгейі сегіз есе жоғары екені анықталды. Кез келген вакцина, әсіресе сынап (ртуть) пен алюминий қосылатын АКДС иммунитетті төмендетеді, осының салдарынан аллергия, астма, диабет, аутизм, лейкемия, ісік, АҚЖТ, тіпті балалардың кенеттен өлімі синдромы туындауы ықтимал. Осыған орай, Р.Блейлок кем дегенде балаларға алты айда бір ғана екпенің салынуы қажеттігін ескертеді: «Өйткені 6 айға дейін балаға тек ана сүті қажет, ал оған токсиндерге толы бір емес, бірнеше екпе (Қазақстанда профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі бойынша нәрестеге алғашқы төрт айында 13 екпе егіледі) салынады. Оған қоса екпелер тиімділігін растайтын да, олардың бір-біріне қалай әсер ететініне қатысты да терең әрі нақты зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмеген». Түйін: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы-ның экология комитетінің мамандары әр түрлі мемле-кеттердегі инфекциялық аурулардың туындауын сараптай келе, оларды екпесіз-ақ, яғни уақытылы дәрігерлерге қаралып тұ-ру, таза әрі сапалы су мен дұрыс та-мақтану арқы-лы жеңуге болады деген қорытындыға келді: «Инфекциялық ауруды вак-циналар арқылы жеңу туралы үміт тым оңайлатылған болып шықты. Бұл бірінші кезекте инфекцияны қоздырушылар-дың табиғаты, қасиеттері мен өзгеріп отыратын мінездеме-лерімен байланысты». Көріп отыр-ғанымыздай, екпелерге қатысты сан алуан пікірлер мен көзқарастар білдірілуде. Бұл ретте әр адамның екпе-лерді жасату, жасатпау өз еркінде екенін ұмытпағаны жөн. Бұған елімізде заң жүзінде кепілдік берілген. Сон- дықтан жоға-рыда айтылған мағлұматтарды ескере отырып, әркім өзінің саналы шешімін қабылдайтыны анық. |
Leave a Reply