«Цитадель» кешенінің ашылу салтанаты келесі жылдың маусым айына жоспарланған

Бұл туралы қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен өткен «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» шаралар жоспарын пысықтау кезінде белгілі болды. «ТМД елдерінің Мәдени астанасы» атанатын келесі жыл аясында қалада өтетін мәдени шаралар тізімінде 19 маусым – «Қала күні» мерекесінде «Цитадель» кешенінің ашылу салтанаты да бар. Ол күні өтетін шаралар «Наурыз» алаңында өтетін гала концертпен аяқталатыны жоспарланған.

tories/20122019-6.jpg» border=»0″ />

Ал қазірге, «Цитадель» кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Оған кешегі күні қала әкімінің өзі көз жеткізіп, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы «Цитадельдегі» құрылыс жұмысын барып көрді. Құрылыс жұмыс барысын қадағалаған шаһар басшысы ескі қалашықтың құрылысы 2020 жылы өз мерзімінде аяқталуы тиіс екенін екшелеп айтты. Археологтар және құрылысшылармен болған кездесуде әкім «Ескі қала» ауданының тарихи жоспарлау құрылысын барынша сақтауды ескертті.

Бүгінде 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарымызды айшықтайтын ескі қалашықтың құрылыс жұмыстарын «Қаржан Тау» құрылыс компаниясы жүргізуде. Мердігер Әлихан Батырханұлы келер жылы өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасымен тұспа-тұс келген Шымкенттің 2200 жылдығында аталған нысанды сапалы әрі уақтылы тапсыру үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын айтты.

–Бүгінде аумағы 5.03 гектарды құрайтын цитадельде 120-дан астам құрлысшылар жұмыс істеуде. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тапсырысты уақытында орындау үшін талмай еңбек етуде. Біздің басты мақсатымыз — құрылысты сапалы орындау, сондықтан мұнда білікті мамандар жұмыс істеуде, — деді компания басшысы.

Сонымен қатар, «Цитадельдегі» археологиялық қазба жұмыстарымен 100-ге жуық маман айналысып жатыр.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика