ТАЛАПКЕР-2022: АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ БАРҒЫҢ КЕЛСЕ…

Бүгінде Қазақстанда мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы азаматтық қорғау қызметінің мамандарын даярлайды.

Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа дейінгі және 16 жасқа толған ер балалар қабылданады. Тыңдаушы барлық оқу мерзімінде ақысыз киім-кешекпен, тамақтанумен, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезінде жолақысы төленеді. Оқу орны Ақмола облысы, Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертифтикаты негізінде қабылданады. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру кезінде таңдау пәні физика болуы қажет. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың академияда күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыға азаматтық қорғау лейтенанты арнайы атағы беріліп, түлектердің әрқайсы алған мамандығына сай қызмет орнымен қамтамасыз етіледі.

Н.Е. БОСТАНБЕК

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының бас маманы

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика