ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ 78 ТҰРАҚТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТ ТАСИДЫ

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 876 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.
Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Айта кетейік, I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.
Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.
Сондай-ақ, электрондық TOLEM картасының 310 мыңға жуығы сатылып, күнделікті транзакция 300 мыңды құрап отыр. Айта өтейік,  Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі өткен жылы ендірілді. Осыған орай, автобустарда 1900 тұрақты терминал және 1200 мобильді терминал орнатылды.
Қазіргі таңда, сатылған көлік карталар саны 500 мыңнан асады. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы. Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде транзакциялардың 85% -ы көлік карталарымен төленеді.
Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты. Сонымен қатар, жолаушылардан қоғамдық көлікте “Төлем” электронды жол жүру картасымен жол ақысын төлеуді, егер карта болмаған жағдайда СМС немесе Kaspi QR арқылы төлем жасауға болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика