2024-09-22

Мірәлі баб кесенесі

Мірәлі баб кесенесі де Сайрамның орталығынан батыс тараптағы көне зират ішінде орын тепкен. Іргетасы ХІІІ ғасырда қаланыпты делінгенмен, бұл сәулет ескерткіші де ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіші саналады. 1925 жылғы деректегі М.Е.Массонның айтуынша, «бұл нысанның күмбезі құлағанына бірталай уақыт болған». Ескі суреттерге сәйкестендіріп күмбезі қайта қалпына келтірілген. 120х250х60 мм өлшемінде күйдірілген кірпішпен бірнеше мәрте жөнделген.

tories/19122019-5.jpg» border=»0″ />

Бір камералы порталды-күмбезді кесененің жоспары 7,6х6,1 метр көлемде шаршыланған формада жасалған және кесене үсті биіктеу барабан етіліп келіп, күмбезбен жабылған. Кесененің артында Мірәлі баптың әкесі Мәлік шахтың моласының үсті ашық, тек шаршы кірпіштен төртқұлақты аяқталмаған құрылыспен ерекшеленген. Мәлік шах өз заманында (Х-ХІ ғасыр шамасы) осы Сайрамда билік жүргізіп, патшалық құрған деседі. Ал оның баласы Мірәлі баб болса, жергілікті тұрғындар арасынан исламды ең алғаш қабылдаған мұсылмандар қатарында болады да, бір қолына құран, екінші қолына қылыш алып, күшпен ислам таратқан екен. Халық есінде қаталдығымен есте қалған патша болып, әулие саналады.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика