2024-09-22

«Жыл сайын «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалін өткізу үшін Дендросаябағында арнайы аумақ (сквер) бөлінді»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

Шымкенттің логотипінде қызғалдақ бейнеленіп, «Қызғалдақты қала» атана бастады. Көшелерінде жыл сайын мыңдаған қызғалдақ құлпырып, оларды көру және суретке түсу үшін қонақтар келе бастады. Осы үрдісте табиғи қызғалдақтарды өсіру үшін саябақтарда арнайы алаңшалар таңдалып, егілген қызғалдақтың қандай түрі екені тақтайшаларда көрсетілсе деген ұсыныс түсті.

tories/20122019-9.jpg» border=»0″ />

Өте керемет ұсыныс! Әрине, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары Шымкентте қандай қызғалдақ түрлері егілетіні жайлы білуі тиіс. Айтылған ұсынысты ескере отырып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісе отырып, қаладағы ендігі қызғалдақ егілетін жерлерге қызғалдақ түрлерінің атаулары жазылған тақтайшаларды орнататын боламыз. Сонымен қатар, Шымкент қаласының Дендросаябағында жыл сайын «Қызғалдақ жолы» мерекелік фестивалін өткізу үшін, арнайы аумақ (сквер) бөлінеді. Сол учаскеде табиғи қызғалдақтың көптеген түрі егілетін және түр атаулары жазылған тақтайшаларды орнатылатын болады.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика