2024-09-22

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды алдын алу

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек.

Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Қаратау ауданының төтенша жағдайлар басқармасының, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және №4, №6 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Жол жүру ережесін сақтау», «Тұрмыстағы зорлық зомбылық» тақырыптары бойынша мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы, Апараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ахметова Әлия Әбішқызы және ІІД-нің полиция капитаны Манахов Сакен Әбитович қатысты. Жиналыс барысында жемқорлықтың алдын алу бойынша арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, лекция оқылды.

Еркебұлан Тасқараев

Қаратау ауданы ТЖ басқармасының бастығы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика