2024-09-22

Көліктерімізді өрттен қорғайық!

Қауіпсіздік ережесі барлық салаға, барлық жерге қатысты. Соның ішінде, көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Ал, алда-жалда рөлде келе жатқаныңызда көлігіңізде өрт шықса, көліктен бұрын өзіңізді құтқаруға тырысарыңыз анық. Сондықтан, қауіпсіздік ережесін сақтауға тырысу керек.

Автокөлікте болып жатқан өрттер соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде.

Автокөліктегі өрттердің туындау мүмкіндігін барынша азайту үшін көлік жүргізушілері мына талаптарды қатаң сақтауы қажет.

— газ баллонын тексеру мерзімі өткен көлік құралын пайдалану;

— газ жабдығы бұзылған және газдың кемуі болған кездегі қозғалтқыштың жұмысы;

— толтырылған баллонмен ГБЖ қосылыстарын бекіту;

— ақаулы ГБЖ бар автокөлікті жабық үй-жайға қою;

— қозғалтқышты іске қосу, газбен гаражға кіру және шығу;

— ашық блоктың вентильдері бар гаражда газ баллонды автокөлікті сақтау;

— газ баллоннан және ГБЖ жүйесінен үй-жайда оталдыру;

— ГБЖ қосылыстарының герметикалығын отпен тексеру;

— ГБЖ толтыру кезінде газ толтыру шлангісінің жанында болуға тыйым салынады.

Ал алда жалда көліктен газ шығуы байқалған жағдайда

— автокөлікті адам аз жерде тоқтату;

— жануды өшіру;

— шығыс вентильін жабу;

— жолаушыларды түсіру;

— сақтық шараларын сақтай отырып, баллоннан газды атмосфераға шығару;

— бензинге ауысу және мамандандырылған ТҚС көрсету ережелерін сақтау керек. Ал өрт туындаған кезде – өрттідереу өшіріп, шығыс вентильін жабу;

— өрт сөндіргіштің немесе топырақтың көмегімен жануды жоюға тырысу керек.

Бензин, күйген оқшаулағыш иісі және автокөлік капотының астынан шыққан түтін сияқты факторлар өрттің шығуының себептері болуы мүмкін. Ал автокөліктегі өрттердің шығу себептерінің ең кең таралған түрі – қысқа тұйықталу, энергия тұтынатын қондырғыларды қосымша пайдалану салдарынан электр жүктемеге шамадан тыс күштің түсуінен туындайды. Сондықтан оқшаулағыштардың жағдайы мен байланыстар сапасына аса назар аудару қажет. Электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен сымдардың біріктірілуін мүмкіндігінше білікті мамандар сапалы тексерулері тиіс.

Ең бастысы, сыйымдылығы 2 келіден кем емес ұнтақты немесе көмірқышқыл құрамды жарамды өрт сөндіргіші болуы керек.

Н. Сейдуллаев

Шымкент қаласы №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны

                                                                  

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика