2024-09-22

СҮТТІ ШИКІДЕЙ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!

Қазіргі таңда  сүт және сүт өнімдерін пайдаланбайтын бірде-бір отбасы жоқ десек, қателеспейміз. Сүт құрамының күрделілігі мен құндылығы адам ағзасының өсуі мен дамуына әсері орасан зор.

Дегенмен, құрамында судың көп мөлшерде және химиялық күрделі заттардың мол болуына орай, сүт қауіпті микроорганизимдердің өсіп-өнуіне  қолайлы орта болып табылады.

Сондықтан, жануардың саулығы, тұратын орнының тазалығы, залалсыздандырылуы, сауыншының жеке басы және ыдыс-аяқ тазалығы сүт сапалылығының бірден-бір  кепілі.

Жануарлардан адамға сүт арқылы берілетін аурулар: туберкулез, бурцеллез, ящур, түрлі ішек аурулары. Бактериотасымалдағыш тек жануарлар ғана емес, адам да болуы мүмкін. Атап айтқанда, іш сүзегінің, паратифтің, дизентерияның, тырысқақ вибрионының сүт арқылы тарауына көбіне адам баласы себепкер. Сүт арқылы көп тараған және қоздырғыштары қоршаған ортада ұзақ сақталынатын кесел – сарып ауруы. Мысалы: суда – 3 айға дейін, топырақта жыл мезгіліне орай 1,5-6,5 ай, қида 3-4,5 ай, мал төсенішінде 5 айға дейін, қозы терісінде және жүнде 2-3 айға дейін, етте 12-47 күн, тоңазытылған етте 10 айға дейін сақталады.

Осыған орай, жоғарыда аталған аурулардың алдын-алу үшін төмендегі шараларды ұсынамыз:

  • Үй жануарларын және олардан алатын өнімдер ветеринарлық-зертханалық тексерумен қамту;
  • Сүт және сүт өнімдерімен қарым-қатынаста болатын жұмысшылардың жеке басының тазалығы, олардың медициналық байқаудан өткізілуі;
  • Сүтті шикідей пайдаланбау, барлық жағдайда қайнатқан жөн, кем дегенде 5 минут;
  • Оның сақтау темперптурасы мен сақтау талаптарын қатаң сақтау (кем дегенде 2-6 С тоңазытқашта, 36 сағатқа дейін).
  • Сарып ауруының алғашқы белгілері, яғни дене қызуының жоғарылауы, айқын тершеңдік, жоғары тыныс жолдарының қабынуы, лимфа бездерінің ұлғаюы, бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы, сүйек буындарының зақымдануы.

Жоғарыдағы ауру белгілері мазалаған жағдайда тұрғылықты жердегі дәрігерге жедел көрінген жөн.

Л.Туртаева

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның сан.-гиг. қадағалау бөлімінің бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика