Ел тұрғындарының 70%-ы сапасыз медициналық көмекке шағым айтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова мәлімдеді.

Оның айтуынша, шағым айтқандардың басым бөлігі медициналық көмек, диагностика мен ем көрсетуге наразы.

Пациенттердің өтініштерін барлық медициналық ұйымдардың жанынан құрылған пациенттерді қолдау қызметі тікелей қарайды. Олардың міндеті – қандай да бір мәселелерді немесе шиеленістік жайттарды ол орын алған жерде шешу. Былтыр 4 мыңнан астам өтініш қаралды. 2020 жылы да дәл сол көлемде жұмыс істелді. Өтініштердің дәйектілігі 30%-ға тең, — деп атап өтті ведомство өкілі.

Айта кетерлігі, шағымдардың басым бөлігін медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне қатысты болып отыр.

Олардың үлесі 70%-ды құрайды. Яғни шағым түсіргендердің осынша бөлігі медициналық көмек сапасыз көрсетілді деп жүгінеді. Мәселені медициналық ұйымның қабырғасында-ақ шешуге болады. Біз пациенттерді қолдау қызметінің жұмыс тиімділігіне басты назар аударамыз. Осы қызметтің жұмыс тиімділігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, қызметтің саясаты сыртқы бақылауды азайтып, медициналық мекемеде көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған, — деді комитет төрағасының орынбасары.

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика