А-2 автомобиль жолын қайта құру (2-этап) бойынша сақиналы жол бөлігінің жер жұмыстары жүргізілуде.
А-2 автомобиль жолын қайта құру (4-этап) бойынша 480 метр жол негізінің жер жұмыстары , инженерлік жүйелерді жол сыртына орнын ауыстыру.
А-2 автомобиль жолын қайта құру (7-этап) бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
А-2 автомобиль жолын қайта құру (8-этап) бойынша жер асты инженерлік жүйелерінің орнын ауыстыру (су, кәріз, байланыс желісі) жұмыстары жүргізілуде.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша:
Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарына 9 245,2 млн.тенгеге 162 нысан (256 көше, 261,2 шқ) жол жөнделеді.
Оның ішінде:
— 10 магистралды; 4 жаңа нысан, 3,0 шқ, 6 өтпелі, 18,1 шқ,
— 89 нысан шалғай ауданда; 76 жаңа нысан, 145,2 шқ, 13 өтпелі, 21,6 шқ,
— 51 нысан қалаішілік; 43 жаңа нысан, 62,5 шқ, 8 өтпелі, 10,6 шқ.
— 4 аяқжол орнату;
— 3 көпірін;
— 3 оң жақ өткелін;
— 2 құбырларын орташа жөндеу. Сонымен қатар, 162 нысанның 130 мердігері анықталып жұмыстар басталды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.