Қазақстанда балабақшалар аттестаттаудан босатылады

Аккредиттеуден өз еркімен өткен балабақшалар аттестаттаудан босатылады. Бұл туралы тамыз конференциясының панельдік сессиясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Министр ведомство сапа тұрғысынан сертификаттау тәсілдерін өзгертетінін айтты. Яғни құжаттардың қалай рәсімделгеніне емес, басты мәселе ата-аналар мен мүдделі педагогтердің сауалнамасына мән беріледі.

«Аттестация сапалы көрсеткіштерге қарай өзгереді. Біз аккредиттеу мүмкіндігін қосымша енгізгіміз келеді, ерікті аккредиттеуден өтетіндер аттестациядан босатылады деп болжанады. Неліктен аккредиттеу мен аттестаттауды қатар жүргізу керек? Осыған қатысты жоспарлар бар, біз оларды талқылаймыз», — деді Аймағамбетов.

Мемлекеттік аккредиттеу — бұл кәсіптік білімнің негізгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін растау рәсімі.

Аттестаттау педагогтердің біліктілік деңгейіне, біліктілік санаттарына қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе кәсіби қызметін бағалау негізінде атқаратын лауазымына сәйкестігін растауға мүмкіндік береді.

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика