Д. ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ V КЕЗЕҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қала әкімі Д. Қонаев даңғылының V кезең құрылысымен танысып, жұмыс барысын тексерді.
Д.Қонаев даңғылының V кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғасының VІ кезеңіне дейінгі аралық.
Д.Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.
Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы 5 кезеңінің ұзындығы 4,6 шақырым, жолдың ені 23 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар. 5 кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құрылыс белдеуіндегі инженерлік желілерін ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Сонымен қатар, Д.Қонаев даңғылында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі – тірек қабырғаларын орнату. Оның ұзындығы оң жағынан 1620 метрді құрайды. Сол жағынан 1689 метр. Биіктігі 0,6 метрден 14,25 метрге дейін.
Құрылыс жобасы бойынша Д.Қонаев даңғылы V кезеңінің ұзындығы 4,7 шақырым, жолдың ені 42 метрді құрайды. Жолдағы салынып жатқан аяқжолдың ені 3 метр, 6 қозғалыс жолағы бар.
V кезеңнің жұмыс шеңберінде жол негізін әзірлеу, тас төсеу, суағарларды орнату, су өткізгіш құбырын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда жол негізін әзірлеп, әзірленген жерге асфальт жабындысы төселуде.
Құрылыстың орындалу сапасын бақылаған шаһар басшысы жауапты мердігер мекемеге нысанның жоспарлы мерзімінен кешіктірмей біту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, Сәуле шағынауданында жүретін 5-ші кезең жұмыстарына астаналық мердігер бекітіліпті. Сонымен қатар, әкім орынбасары сапарында даңғыл бойында салынып жатқан жолайрық құрылысыменде таныстыра өтті. Мұнда қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Туындаған мәселелер төңірегінде сөз қозғаған Мақсұт Пернебайұлы жолдың сапасы жіті қадағалауда болатынын қадап айтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика