Назар аударыңыз: БОС ОРЫН!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарына құжат қабылдайды 

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына құжат қабылдау жүргізеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде (12.02.2021-25.02.2021ж. аралығы).  

Құжат қабылдау орны: Шымкент қ. А.Байтұрсынов к, 68-үй, электрондық адрес to:okr_spasr_shym@emer.kz»>okr_spasr_shym@emer.kz, тел., факс 8(7252) 3713-22

Бос лауазымдар: Өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13) – 5 бірлік, Оның ішінде: МЖ  1 бірлік., № 1 МӨСБ 2 бірлік, № 6 ӨСБ 1 бірлік, № 8 өсб 1 бірлік.

Біліктілік талаптар: Орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім.Отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

АҚО қызметіне конкурстық негізде қабылданады. АҚО қызметке қабылдау тәртібі:

1) құжаттарды қабылдау

2) құжаттарды қарау

3) медициналық және психофизиологиялық куәландыру

4) полиграфологиялық зерттеу

5) дене шынықтыру нормативтерін тапсыру

6) әңгімелесуден өту

7) алғашқы кәсіптік даярлықтан өту

8) қызметке тағайындалу

Құқық қорғау қызметіне тұру шарты

      1. Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

      2. Құқық қорғау қызметіне:

      1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;

      2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;

      3) қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;

      5) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      6) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

       6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

       9) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау құқық қорғау қызметіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      4. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика