ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

tories/01et.jpg» border=»0″ />

Кеден одағының (КО ТР 034/2013) «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» атты техникалық регламентінің, өзектендірілген стандарттар тізбесінің жобаларын талқылау.

2017 жылдың 10 мамырында, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» атты034/2013 КО ТР-ің, Евразиялық комиссия алқасының шешімімен, халықаралық, аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінің жобасының, қоғамдық талқылауы (ұлттық стандарттар болмаған жағдайда) басталды.

Техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, өмірі мен жануарлардың денсаулығына, олардың мақсаттары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сою және ет өнімдерін тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу, сонымен қоса кеден одағы аумағында оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және кәдеге жарату процесстеріне де әзірленген.

Ет өнімдеріне тұтынушыларды жаңылыстарын іс-әрекеттерін қорғау мақсатында техникалық регламентте идентификациясы анықталған. Сонымен қоса, өнімнің идентификация ережесі көрсетілген, қауіпсіздік талаптары мен таңбалау талаптарына, кеден одағының «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» және «азық-түлікті таңбалау талаптары» техникалық регламентінен қауіпсіздік талаптарынан толтырылған.

Осы жобада, ерікті және міндетті ережелердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі» атты техникалық регламенттің, стандарттар тізбесін өзектендіру болып табылады.

Атап айтқанда, «ерікті» стандарттар тізбесі 168 позицияны қамтиды. Оның ішінде 104-і мемлекетаралық, (терминдер және анықтау, ет өнімдерін жіктеу, сой кезіндегі өнімдер және ет өнімдеріне қойылатын талаптар, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері), қалғаны ЕАЭҚ-ық мемлекеттерінің мемлекеттік (ұлттық) стандарттары.

Өз кезегінде, сәйкестігін бағалау стандарттарын жүзеге асыру үшін, 174 стандарттар тізбесі қамтылған. Оның ішінде 119 мемлекетаралық (ет өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша,ет өнімдердің сою кезіндегі физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері), қалғаны ЕАЭҚ-ық мемлекеттерінің мемлекеттік (ұлттық) стандарттары.

Стандарттар тізбесінің жобасын, ЕЭК-ің техникалық реттеу және аккредиттеу департаментті дайындаған. Осы құжаттарды талқылау, 30 күнге дейін – 2017 жылдың 9 маусымына дейін созылған.

Ә. ҚЫРЫҚБАЕВА,

Техникалық реттеу және метлогия комитетінің

ОӨО бойынша департаментінің бөлім басшысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика