2023-02-09

ҚАЛАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Spread the love
«Жайдарман» ойындарының қалалық кезеңі өз мәресін жетті. Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып,  финалдық кезеңге жолдама алған 6 команда жайында бұған дейін де жазғанбыз. Ақтық сында «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары өнер көрсетті.
Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті. Атап айтқанда: «Ақбұлақ» және «NO COMMENTS» командалары, «Тамыр» және «Бәрекелді кірпі» командалары, «Абырой» және «Төлеби» командалары.
Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды. Көптің көңілінен шыққан команда мүшелері астарлы әзіл, әдемі ойындарымен топ жарды.  ІІ орын — «Бәрекелді кірпі» команонымен қатар,  «Үздік ойыншы» номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.
Айта өтейік,  Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында өтетін «Жайдарман» ойындары жыл сайын кезең-кезеңімен өтіп отыр.  Аталған жобаның мақсаты – «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Сонымен қатар Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.
Діттеген мақсат «Жайдарман» ойынының финалдық кездесуінде орындалды десек те болады. Мағыналы әзіл, орынды сөз, ұтымды жауап белсенді жастардың бойынан табылып отырды. Сахнаға шыққан әрбір ойыншы шығармашыл жан екенін ұғындырды.
Финалдық кездесу тартысты өтті, бар салмақ әділ-қазылар алқасына түсті. Бұл кезеңде жеңімпаз болып, «Абырой» командасы атанды.
Яндекс.Метрика