2024-09-20

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЕРТӨЛЕСІНЕ ДЕЙІН 100 ПАЙЫЗ ЖЫЛУ ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталған болатын.
Бүгінгі таңда, «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК тарапынан орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған 1987 көп қабатты тұрғын үйлерге және 484 бюджеттік мекемелердің барлығына жылу 100 % берілді.
Осы тұрғыда қала тұрғындарының назарына жылуды қосу жұмыстары кезінде мына жайттарды назарға алуға шақырады.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 -тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты.
Ішкі коммуникациялар – тұрғындардың ортақ меншігі. «Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін сақтау, пәтер ішіндегі жатық және тік құбырлардың ауасын шығару, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.
Айта кетейік, әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етілді.  Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына алажаздай дайындалып барып, жылуға қосылды.
15 жылу қазандықтар мен 17 сорғы стансалар да толық дайын. Сондықтан да  шымкенттіктер қыстың көзі қырауда жылудан жапа шекпейді деп отыр жауаптылар.  19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.  Қалада көмір қоры жеткілікті.
Еске сала кетейік, жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін жүргізілді. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендеді. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп, қандай бір оқыс жағдайдың алдын алу барлық шаралар жүргізілді.
Яндекс.Метрика