ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНДА 500-ДЕН АСА ПАЦИЕНТКЕ ЖАҢА ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНАДЫ

Шымкенттік дәрігерлер ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісін қолдануда. Жаңа әдіспен дәрігерлер қауіпті топтағы азаматтарға профилактикалық емін жасап, аурудың алдын алуда.  ВИЧ-инфекциясын жұқтырмау үшін қазір емдеу мекемелерінде жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз – АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұру әдісі.  Бүгінге дейін Шымкенттегі ЖИТС орталығында  100-ден аса  адам  аталған терапияны қабылдаған.

–ДДҰ жүргізген нәтижелерде осы профилактика әдісі қолданылып,  жұқтыру нәтижелері тіркелмеген. Шымкентетгі ЖИТС орталығында  бұл әдіс 2021 жылы енгізілді.. Бүгінге дейін профилактика енгізілген науқастардың арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.  Бұл қатынасқа дейінгі профилактикалық ең алдымен жұқтыру қаупі басым топтарға жасалады. Олар күйеуі немесе әйелінде  ВИЧ инфекциясы бар жұптың серігіне, есірткі қолданатындарға, секс қызметкерлеріне, бейберекет жүретіндерге және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетіндерге қолданылады, –дейді  Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет МАШИРОВ. Айта кетейік, Шымкенттегі ЖИТС орталығында  қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады.  Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Мамандардың сөзінше, жанасуға дейінгі терапия ВИЧ инфекциясын алдын алуда оң нәтиже беріп, инфекцияға шалдықандардың  санын азайтуға көмегін тигізуде. Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық.  Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті. Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек.  Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

  • Related Posts

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

    ИЗ ИСТОРИИ ФОРМИРОВАНИЯ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ 30 ЛЕТ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА: АНАЛИЗ, ДОСТИЖЕНИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ ГЛАЗАМИ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ ГОРОДА ШЫМКЕНТ Ассамблея народа Казахстана — уникальная модель Казахстана во всем мире, поддерживающая…

    Глава государства на встрече с представителями отечественного бизнеса поручил Правительству дополнительно проработать вопрос по ставке НДС

      Любые нововведения должны проводиться на основе всестороннего анализа и продуманной стратегии. Нужно проработать разные варианты, учитывающие специфику отраслей экономики. Я раньше на этот счет не высказывался, поскольку каждое мое…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика