АЗАМАТТАРДЫҢ БӘРІ ӨТІНІШІН ӘКІМГЕ АЙТҚЫСЫ КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы әкімінің қоғамдық қабылдауы әр айдың алғашқы сәрсенбісінде арызын айта келген қалалықтарды жинайды. Бұл жолы 500-ден астам тұрғын өздерін толғандырған мәселелерін айтуға мүмкіндік алды. Шаһар басшысы әкімдікке қарасты барлық саланың жетекшілерімен әрбір азаматтың мәселесін жеке тыңдап, оны шешу жолдарын қарастырды.

өлік кептелісін болдырмау мақсатында салынып жатқан жолайырық оған жақын жердегі жолдарды тоздырып барады. Ағылған көлік Түркістан шағын ауданындағы ішкі жолдармен жүруге мәжбүр. Оның ішінде құрылысматериалдарын тасып жатқан ауыр техникалар да бар.  Шағын ауданның мәселесін жеткізе келгендердің тірлігі оңынан болды. Әкім қабылдапжол қатынастары басқармасының басшысына сілтеді. Тиісті мекеме мәселенің ары кетсе 4-5 айда шешілетініне сендірді.

Қоғамдық қабылдауда қала әкімімен қоса атқарушы биліктің барлық тармағы мен құқық қорғау қызметі басшылары да қатар отырып, халықты тыңдады.   Қабылдауға келген 500-ден аса  азаматтың жартысына жуығы сауалдары мен проблемаларын мегаполис әкіміне тікелей айтуға мүмкіндік алды. Айтылып жатқан мәселелердің дені әлеуметтік салаға қатысты болды.

Тұрғындардың негізгі мәселелері мемлекет тарапынан  берілетін қайтарымсыз грант жөнінде, сонымен қатар атаулы әлеуметтік  көмекке мұқтаж азаматтар өтінім берген екен. Сол кісілерге тәртібін түсіндіріп бердік,-дейді ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің ішінде шаһардың дамуы мен өркендеуі жолындағы қала әкімінің жұмысына ризашылығын білдірген тұрғындар да болды.

Шымкент қаласында мұндай ауқымды қоғамдық қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында былтырдан бері өткізіліп келеді. Әкімнің бұқарамен кездесуінде  айтылған талап-тілектің дені шешімін тапқан.

Қызмет (1628)

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика