ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ: ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТҰРМЫСТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САТҚАНДАРҒА ЗАҢ АЯСЫНДА ШАРА КӨРІЛЕДІ

Ғасыр дерті не айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі болып келеді. Шымкентте бұл бағытта жауапты мекемелердің бірлесе әрекет етуімен түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді.  Қалалық Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі, Қаратау ауданы әкім аппараты қызметкері мен Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПқБ УПИ полиция өкілдерінің  қатысуымен «Diamond Рlaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жауапты мамандар жеке кәсіпкерлерге адамның санасына кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті. Сондай-ақ, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде жеткізді. Айта кетейік, бұндай әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 423-бабында көрсетілгендей  (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) жауапкершілікке тартылады. Жастар – қай заманда, қай елде болсын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белес­терге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына, «Мәңгілік ел» болуына жол сілтейді. Жастар – қашанда белсенді буын өкілдері. Елімізде жастардың білімді, қабілетті болуына әрдайым үлкен мән беріліп келеді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастарының жағдайын тасада қалдырмаса керек. Осындай ұстанымды ту еткен Тұңғыш Президент Н.Назарбаев өткен жылды жастар жылы деп те атаған болатын. Соның аясында жастарға ерекше көңіл бөлініп, бірқатар әлеуметтік қолдау жасалды. Білімге, өнерге, спортқа, кәсіпкерлікке ұмтылған жалынды жас­тарды қолдайтын көптеген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Жас ұрпақты қолдау үздіксіз жалғаса бермек. Биылғы жылдың еріктілерге арналуы да жастардың елі үшін белсенді қызмет етіп, халқына қамқорлық танытуға мол мүмкіндік берді. Әсіресе, әлемді індет дендеген алмағайып кезеңде ерікті жастардың еткен еңбегі өлшеусіз. Тұрғындарға тегін бетперде таратудан бастап, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек жеткізу, азық-түлік тарату, ауруханадағы науқастарға қажетін жеткізіп беру, халыққа түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Қажет кезінде рейдке де шығып, мемлекеттік қызметкерлерге қол ұшын созып жүрген де – ерікті жастар.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика