2024-06-19

“МЕДЕУГЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙА ОРАЛАДЫ

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұзайдынында«Азия дауысы» пикнигіұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған«Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенгенегізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындармен ісшаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекшебезендірілген шатырлары, демалыс орындарыжәне ең бастысыәсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысынадейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жасорындаушылар байқауыныңқатысушылары мен жүлделіорын иегерлері өнеркөрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан«Азия дауысы» фестиваліненбейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушыларпикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрынөнер көрсеткен жұлдыздарды ескеалды. Халыққосылып ән айтып, би биледі. Бұлсағынышқатолы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктіңсүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша әншашуларымен қорытындылады.

«Азия дауысы» пикнигіжаңаша көзқарастақайтажалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің баспродюсеріАрманжан Байтасов былай деді:

«Біз үшін пикникөте маңызды оқиғалардыңбірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестивалінедайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдыққорының негізін қалаушы және президенті ИринаКовыряко ісшараның толық нұсқасынойластырды. Соның біріАлматыға керіқайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысыныңсимволына айналған күн басқан ерлердіңбейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтергесаяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектіңбуыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсеұмытылып кетті. Сондықтан бәрінқайта қалпына келтіругетура келеді.

Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауғаатсалысқанМұрат Ирғалиев және АлександрПономаревпен қайта қарымқатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады.

Біздің міндетімізбар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіреотырып, «Азия дауысын» заман талабына сайетіп дайындап шығу. Бұләрине, оңайемес. Бізбарлық ісшараны жоғарыдеңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азиядауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығуүшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлықсәтпысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлегенжайталматылықтар мен қала қонақтарыныңкеремет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшінмаңызды жайт деп айтуғаболады. 28 шілдедеөтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылусалтанаты керемет өтетініне сенімдімін.

Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауыболмайды. Біз әзірге старт-концерт жасапжатырмыз. Өйткені адамдар байқауғақатысуүшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әріқауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенімбілдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғыбасты міндеті. Фестивальдіңбірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнағашығады. Бұлфестивальдің екінші күні өнер көрсететінBlackEyed Peas тобының концертінен де шулыболыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналғанәншілер мен топтарға арналады. Себебіаталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздартізімі бұныменаяқталмайды. Ол үшінхабарламалармызды бақылап отырыңыз!

Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023» фестивалініңбас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысыHalyk Bankболды. Бұл кездейсоқ емес. Себебібиыл Halyk Bank өзініңғасырлық мерейтойынатап өтеді. Осы оқиғаға байланысты«100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясындабүкілел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асыпжатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігіменөтеді.

Яндекс.Метрика