2024-07-27

АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ТАНЫМАЛ АҚЫЛДЫ АТТАРдЫ ІЗДЕСЕҢІЗ,  ШЫМКЕНТ ЦИРКІНЕ КЕЛІҢІЗ

«Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Аталған өнер мекемесі қазіргі таңда цирк өнерінің клоун және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары сынды бағыттарын дамытып, ел қошеметіне бөленіп жүр. Цирк туралы айтқанда тек адам емес, аң-жануар олардың ақылдды екендіктері туралы да айтуға тура келеді.

Көрерменінің көзайымына айналған ақылды аңдар  Шымкент циркінде аз емес. Олар келушінің көңілінен шыққан түрлі нөмірлерде өнер көрсетеді. Осылардың ішінде Цирк өнеріне ерекше үлес қосып, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған ақылды 5 жылқы туралы айтпай кетуге болмас. Аттардың цирк өнерінде жүргеніні 5 жылдай болып қалды. Жаттықтырушылар оларды еркелетіп Гигант, Ақбура, Ақтанау, Талисман, Месси деп атайды. Жастары 11-12 де. Енді жетістіктері туралы айта отырайық.

Естеріңізге салсақ 2022 жылы “АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ”фестивалінде жылқылармен орындалған “Джигитовка” өнері 13 мемлекеттің ішінде 1-ші орын АЛТЫН жүлде алып, елімізді Азия елдеріне танытқан болатын.

Ақылды аттардың жеке иесі, арнайы күтімі бар. Цирк өнерін жете меңгеріп, ат құлағында ойнайтын шабандоздар жылқыларды күнделікті жаттықтырып, бабын келтіріп отырады. Таза орын, арнайы қуаттандыратын жем-шөбі қатаң бақылауда тұрады. Шымкент циркінің алдағы уақытта арнайы күтімдегі текті жылқы санын көбейту жоспары бар.

Өнер ұжымы үздіксіз ізденісімен ерекшеленеді. Шымкент циркі 10 жылдық мерейтойына орайластырылған бағдарламасын күтпеген жаңалықпен бастаған ы естеріңізде болар. Бұл жаңалық сынға да ұшырады. Олар 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасы аясында, заман талабына сай, әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің бағытында, сол ұжымның жұмыс  элементтерін пайдалана отырып, алғаш рет аңдарсыз жаңа қойылым көрсетті.

Бағдарламада әртістердің әуеде ұшуы, батылдық шеңберінде сақтандырусыз өнер көрсететін акробаттар, жас әртістердің дебюттік нөмірлері, клоундардың күлкіге толы жаңа репризалары қамтылды және көрерменнің көңілінен шықты.

Бүгінде цирк қарамағында жылқылар және ит-мысықтар бар. Оларға кере жағдай қарастырылған. Ал, қойылым бағдарламасына кірмей  қалған аң-жануарлар бүгінде Шымкент зообағында, арнайы мамандар қарауында өмір сүріп жатыр.

Цирк ұжымы Балалар күнінде де ерекше қойылымымен ерекшеленді.

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

Яндекс.Метрика