2024-09-22

Ауа райы құбылмалы болып тұр

 

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 10 наурыздағы ҚҚ №6 дауылды ескертуінде ағымдағы жылғы 11-12 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтілетіндігі жөнінде хабарлама берген. Осыған байланысты 2022 жылдың 11 наурыз күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі және Азаматтық қорғау құрылымдарының қатысуында комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Мәжіліс барысында ықтимал су басудың алдын алу мақсатында аудандық 15 (он бес) Азаматтық қорғау құрылымдарының 286 жеке құрамы, 134 арнайы техникалары, 206 құрал-жабдықтары пысықталып, барлығы дайындыққа келтіріліп, арнайы штаб құрылып, ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі жағдай бақылауда ұсталды.

2022 жылдың 12 наурыз күні Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында штаб отырысы өткізіліп, ағымдағы жағдайлар жан-жақты талқыланып, бағыттық кезек күттірмейтін жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 12 наурыз күні сағат 07:45 уақыт шамасында Бірлік ауылдық округіне қарасты егістік алқаптардың сор шаюдың ағын сулары мен толассыз жауған жаңбырдың сулары №32 «БАТЫС» коллекторына толып, ернеуінен асып кетуіне байланысты Атакент кентіне су басу қауіпі туындады.

Жергілікті жерге аудан әкімдігінің және аудандық төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаудың инженерлік құрылымының арнайы техникалары (15 жеке құрам, 6 техника) шұғыл жетіп, К-18 каналы мен коллекторлар аралығындағы 100 метр жері қазылып, жинақталған сулар №43 «ШЫҒЫС» коллекторына тасталды. Мақтаарал аудандық шекара басқарамсының келісімімен Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекараның бейтарап (нейтральный) аумағындағы №43 «ШЫҒЫС» коллекторының екі жағында орнатылған темір торлары (сетка) алынып, су өткізгіш қабілетті арттырылды. Сонымен қатар, Атакент кентінің (белый школ) егістік алқаптардың аяқ жағынан 2 дана өнімділігі сағатына 100 текше метр су сорғы насостар орнатылып, К-18 каналына тасталуда. Қазіргі таңда кент аумағында жинақталған су деңгейі төмендеп келеді.

2022 жылдың 12 наурыз күні қатты жауын-шашын салдарынан Атакент кенті, Мақтарал, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Жаңажол, Жамбыл ауылдық округтері аумағында жер асты суы деңгейі көтеріліп, бірнеше үйлердің ауласына су толғандығы жөнінде аудандық №20, №21 өрт сөндіру бекеттерінің байланыс бөліміне тұрғындардан хабарлама түскен. Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен 60-қа жуық су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің ЖЕДЕЛ ЖЕЛІСІ іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика